ДИКТОР: Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық аймағында белсенді жалғасын тауып отыр. Бір қуантарлығы, игі шара аясында тек қала мен ауыл іші емес, елді мекен сыртындағы демалыс орындары мен өзен-көл жағалаулары қоқыстан тазартылып жатыр.

РКС: Ақмола облысында «Аmanat» партиясының Бұланды аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экоакциясы өтті. Игі шара аясында Макинск қаласының сыртындағы ақ қайың мен қарағайлы орман іші және бұлақ көзінің айналасы қоқыстан тазартылды. Бұл шаһар тұрғындарының жазда демалып, таза ауамен тыныс алатын сүйікті орны. Әр апта сайын өтетін тазалық акциялары аясында тек осы аумақтан 2 тоннадан артық қоқыс шығарылған.

СНХ: ЗӘМЗӘГҮЛ ӘМЕНОВА, БҰЛАНДЫ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұланды ауданының тұрғындарын тазалыққа шақырамыз және демалатын жерлерде болсаңыз, қоқыстарды жинап, тазалап жинап жүрулеріңізді сұраймыз. Тамаша табиғатты тазалықта ұстайық, аялайық! Баршаңызды тазалыққа шақырамыз.