ДИКТОР: Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңірлік іс-шаралар жоспары 6 негізгі бағытты қамтып отыр. Олар негізінен мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының және бизнес қауымдастықтың қатысуымен кезең-кезеңімен іске асырылып келеді.

РКС: Бекітілген жоспардың аясында мектептерде кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізіліп отыр. «One School – One Skill», «Кәсіп автобусы» жобалары іске асырылып, кәсіпорындарға экскурсиялар, тренингтер мен байқаулар өткізілуде. Сондай-ақ, облыс мектептерінде бейіндік 30 сынып ашылды.

СНХ: НӘЖІМИДЕН НҰРАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бұл шаралар 5 мыңнан астам студентті қамтыды. Педагогтар үшін өндірістік тәжірибелер ұйымдастырылып, олардың бір бөлігі Сингапур мен Қытайда өткізілді. Колледждер жанынан бизнес-стартаптар пен шағын кәсіпорын ашылды. 2025 жылы Степногорск қаласындағы Жоғары колледжде дизайн студиясы мен «VeeLinq» атты жасанды интеллект қосымшасы іске қосылады деп күтілуде.

РКС: Облыс аумағындағы арнайы орта білім беру мекемелерінде түрлі меншік түріндегі 200-ге жуық кәсіпорын шефтік қолдау көрсетіп отыр. Наурыз айынан бастап 18 мыңнан астам оқушы мен колледж студенті «Электронды еңбек биржасының» цифрлық платформасы арқылы жұмыс іздеу және жұмысқа орналасу дағдыларын оқып шықты.

СНХ: НӘЖІМИДЕН НҰРАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Облыстың 26 колледжінде дуалды оқыту жүйесі енгізіліп, 6 мың 181 студент қамтылған. 759 кәсіпорынмен бірлесіп салалық кеңестердің жұмысы жүргізілуде. «Серпін» жобасы қайта жандандырылды. Жыл басынан бері облыстың 10 колледжі оңтүстік өңірлердегі жүзден астам мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, 6 мыңнан астам оқушыны қамтыды. Жоба аясында өңірде сұранысқа ие мамандықтар бойынша 250 студент қабылданады деп жоспарлап отырмыз.

РКС: Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында 65 құзыреттілік бойынша WorldSkills Aqmola–2025 өңірлік чемпионаты өтті. Оған облысымыздың 300-ден астам студенті қатысты.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.