ДИКТОР: Кеше облыстың 17 ауданында және Көкшетау мен Степногорск қалаларына іргелес жатқан ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті. 67 елді мекенге әкім сайланды. Тілшіміз жалғастырады.
РКС: Зеренді ауданында Алексеевка кенті мен Троицк және Сәкен Сейфуллин ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Барлық сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-де ашылып, кешкі 8:00-ге дейін жұмыс істеді. Дауыс беру басталған сәттен-ақ тұрғындар белсенділік танытты.
СНХ: ДУМАН ЖАСАУИЕВ, №531 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Сәкен Сейфуллин ауылы бойынша 208 адам тіркелген сайлауға дауыс беруге. Соның қазіргі уақытта біразы келіп қалды. Көбі жұмыста, кейінірек келеді. Жұмыс қарқыны жақсы жүріп жатыр, халық белсенді қатысуда.
РКС: Сәкен Сейфуллин ауылдық округінің әкімі сайлауына 3 кандидат ұсынылды. Олардың барлығы – өзін-өзі ұсынғандар. Аталған ауылдық округ құрамына 4 елді мекен кіреді. Округтің әкімшілік орталығында сайлау науқанына қатысушылардың жоғары белсенділігі байқалды. Дауыс беруге жастардан бастап аға буынға дейінгі барлық жастағы тұрғындар қатысты.
СНХ: ДАСТАНБЕК АБДУЛЛАЕВ, БІРЛЕСТІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Міне бүгін ауылдық округіміздің әкімін сайлауға келіп отырмыз. Негізі бұл сайлау әрбір азаматтың міндеті деп санаймын. Сайлауға ат салысып жатқан жастар жағынан, үлкендер жағынан бәрі қатысып жатыр.
СНХ: АҚЫЛБЕК БЕКМАҒАМБЕТОВ, БІРЛЕСТІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы 4 ауылдың халқы бүгінгі өзіміздің әкімімізді сайлауға мінекей дауыс беруге келіп жатырмыз. Мен өзім осы дауысқа келіп отырғаным, мен өзімнің азаматтық борышым деп санаймын. Неге? Бұрынғы кезде мен осы елде 15 жыл әкім болдым бұрынғы кезде. Ол кезде сайланбалы түрде жүрді. Ал енді қазіргі заң бойынша жергілікті әкімдер сайлау арқылы тағайындалып жатыр. Бұл енді халық өзінің таңдауын жасап жатыр.
РКС: Айта кетейік, 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау тетігі енгізілді. Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты олар да тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Бүгінде ауыл әкімдерінің корпусы толық жаңартылды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.