ДИКТОР: Көкшетаудағы «Бояу» балалар шығармашылығы орталығындағы түрлі сабақтарға 1,5-нан 17 жасқа дейінгі 360-қа жуық бала қатысады. Оқу бағдарламалары тегін және ақылы негізде жүзеге асырылуда. Көптеген үйірмелер мемлекеттік тапсырыстың аясында қолжетімді. Педагогтар балалармен төрт бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Музыкалық, техникалық, білім беру және шығармашылық бағыттарда бүлдіршіндердің қабылетін шыңдауда. Мұнда домбыра, фортепиано және вокал сабақтары өтеді. Орталық отбасылардың қажеттіліктері мен өңірлік білім беру басымдықтарын ескере отырып, бағдарламалар санын кеңейтуді жалғастыруда.

СНХ: ДАНИЯР ЖЕКЕМҰРАТОВ, ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ: Тегін үйірмелер мемлекеттік дотация арқылы қаржыландырылады. Оларға робототехника, бағдарламалау, қазақ тілі, ағылшын тілі және математика сабақтары кіреді. Сондай-ақ 1,5 жасар балаларға арналған дамыту тобы, логопед кабинеті және мектепке дайындық сабақтары бар. Сонымен бірге бізде «Алақан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс бар. Бала ата-анасымен бірге келіп, өтініш толтырып, тіркеледі. Содан соң сабаққа қабылданады.