ДИКТОР: Өткен түнде Астрахан ауданының орталығында бетперде киген белгісіз екі адам тарапынан өрескел қарулы шабуыл жасалды. Алдын ала болжам бойынша қос ауыз мылтықпен қаруланған бетперде киген белгісіз қос қарақшы жергілікті мәслихат төрағасы тұратын жекеменшік үйге баса-көктеп кірген. Отбасы мүшелерін қарумен қорқытып ақша мен зергерлік бұйымдарды беруге мәжбүрлеген, сондай-ақ жеке автокөлігін айдап әкеткен. Кейін қаскөйлер үй иелерін жертөлеге қамап, оқиға орнынан бой тасалаған. Қазір қарақшылар іздестіріліп жатыр.

СНХ: ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Қарақшылық шабуыл фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта шабуыл жасаған адамдардың жеке басын анықтау және оларды ұстауға қатысты жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Аталған қылмыстың ашылуы полиция департаменті басшылығының тікелей бақылауында.