ДИКТОР: Өңірде жыл сайын жоғары оқу орнына түсемін деген талапкерлерге Ақмола облысы әкімінің гранты бөлінеді. Бұл жұмыстар облыстық бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға бағытталған.

РКС: Арунас Қуандық Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін шет тілі мамандығы бойынша аяқтап жатыр. Ұлттық бірыңғай тестілеуден 105 балл жинағанымен мемлекеттік грантты ала алмаған. Бірер күнде қолына диплом алатын болашақ маман 4 жыл бойы облыс әкімінің гранты есебінен жоғары оқу орнында тегін білім алды.

СНХ: АРУНАС ҚУАНДЫҚ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ: Осы қолдаудың арқасында мен қаржылық қиындықсыз сапалы білім алдым. Қолыма диплом алғаннан кейін Қосшы қаласына жұмыс істеуге барамын. Менің ойымша бұл кәсіби тұрғыда өсу ғана емес туған өңіріме пайда әкелуге үлкен мүмкіндік.

РКС: Көкшетаудағы № 17 мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Анна Суслопарова жоғары оқу орнын былтыр аяқтаған. Ол да облыс әкімінің гранты есебінде тегін оқып шықты. Қазір оның бір жылдық еңбек өтілі бар. Болашақта ол ұстаздық қызметті әрі қарай жалғастырмақ.

СНХ: АННА СУСЛОПАРОВА, №17 МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ: Мен алдымен мемлекеттік гранд алуға құжат тапсырдым. Онда ұпайым жетпей қалды. Қатты уайымдадым, кейін облыс әкімінің грантын ұтып алғанда қуанышымда шек болмады. Бұл тегін білім алуға үлкен мүмкіндік болды. Өйткені ақылы оқу айтарлықтай салмақ болар еді.

РКС: Қазіргі таңда облыс әкімі гранты есебінен 786 студент оқып жатыр. Оның 358-і педагогика, 423-і медициналық, тағы 5-і өзге салаға бөлінген.

СНХ: ӘСЕМ БИКЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 2025-2026 оқу жылында кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы мынадай мөлшерде бекітіледі. Педагогикалық мамандықтар бойынша бакалавриатқа-40, магистратураға-34, жылу энергетикасы-10, агроинженерия-10, сәулет және құрылыс-6, ветеринария-5, тау-кен - 3, теология-2.

 РКС: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып бөлінеді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ