ДИКТОР: Бүгін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың басшылығымен бірыңғай цифрлық платформаға қатысты жиын өтті. Оған еібек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің өкілдері де қатысты. Министрлік әлеуметтік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету үшін бірыңғай цифрлық платформалар әзірледі. Ақмола облысына арнайы келген оқыту тобының мүшелері әлеуметтік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау және көмек көрсетуде аталған платформалардың алар орны ерекше екенін атап өтті. Бүгін білім, мәдениет және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері үшін FSM "Social" және "Socium" цифрлық платформаларын қолдану бойынша арнайы кеңес өтті.Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы жалғастырады.

РКС: Шараның мақсаты — қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыру және жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту. Көмекке зәру азаматтарды жүйеде автоматты түрде анықтау және оларды қажетті қолдау шараларымен дер кезінде қамтамасыз ету-дейді мамандар.

СНХ: АЙГҮЛ АЙБУЛДИНОВА, ЖОБАЛЫҚ ТОПТЫҢ МҮШЕСІ: Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасарының тапсырмасы бойынша бірыңғай цифрлық платформаға өту мақсатымен келіп отырмыз. Жалпы біз FSM Social деген цифрлық платформамен жұмыс жасайтын боламыз. Бұл платформаның ерекшелігі және мақсаты – қиын жағдайларға түскен отбасыларға көмекті көрсетудің автоматтандыру. Яғни біздің семинар жалпы мынау практикалық дағдыларды иелендіру бойынша жұмыстар жасалады. Сигналды беру және қиын жағдайға түскен отбасыларға қалайша көмек көрсету жолдарын үйрететін боламыз.

РКС: Кеңес барысында мамандар платформалардың мүмкіндіктерін таныстырып, оның тиімділігі мен қолжетімділігі туралы жан-жақты ақпарат берді. Қатысушылар өз салаларына қатысты сұрақтарын қойып, практикалық дағдыларын жетілдірді. Жаңа жүйе көмекке мұқтаж отбасылардың өтінішін жеңілдетіп, әлеуметтік қолдау шараларын автоматтандыруға мүмкіндік береді. Қазір аталған қызметті көрсететін 112 орталық бар. Соның алғашқысы 2019 жылы Астана қаласында ашылған.

СНХ: КӘМШАТ ӘБІЛДИНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ «ЖАНҰЯ ҚОЛДАУ ИНСТИТУТЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: FSM "Social" мобильді қосымшасында жұмыс істеу үшін отбасына қолдау көрсетуге қажетті барлық шараны дұрыс көрсете білу қажет. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасын дұрыс жетелеуге көмектесетін платформа. Қазір біз үш бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Үш топ бар. Бүкіл Қазақстан бойынша осындай оқыту жүргізіліп жатыр.

РКС: Айта кетейік, FSM "Social" және "Socium" платформалары арқылы мемлекеттік қызметтердің ашықтығы артып, процестер жеңілдетіледі. Цифрлық жүйе арқылы азаматтар өз өтініштерін онлайн түрде жолдай алады. Барлық ақпарат бір базаға біріктіріледі.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ