ДИКТОР: Мемлекет басшысы ұсынған «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілетуге байланысты облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті белсенді жұмыс жүргізуде. Ұлттық бастаманы жүзеге асыру аясында экономикалық құқық бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесуге бағытталған кешенді шаралар өткізілуде. Жыл басынан бері облыс аумағында қаржылық және экономикалық салаларда 16 құқық бұзушылық анықталды. Жедел-іздестіру шараларының қорытындысы бойынша 3 топтың заңсыз әрекеті әшкереленді.
РКС: Үш топ тазартылған алтынды өндірумен, сатып алумен және одан жасалған әшекей бұйымдарды сатумен айналысқан. Екі топтың қатысушысы түрлі мерзімге жасазын өтеуге бас бостандығынан айырылды. Тағы бір топқа қатысты екі қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
СНХ: АЛМАС БАЙМҰРЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы айдың басында «Domestos» тауар белгісін заңсыз пайдаланып контрафактілі тұрмыстық химия өндіретін жасырын цех жойылды. Тінту шаралары кезінде сатуға дайын 4 мың құты өнім, жабдықтар, бос құты, контрафактілі өнім дайындауға арналған химиялық қоспа мен арнайы жапсырма табылып, тәркіленді.
РКС: Былтыр департамент қызметкерлері «Charoit» және «Лайм академия» қаржылық пирамидаларының құрылымдық бөлімшелерін әшкереледі. Ұйымдастырушылар сотталды. Бұдан бөлек, қаржылық пирамиданың жарнамасымен айналысқан 4 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
СНХ: АЛМАС БАЙМҰРЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жыл басынан бері «BuyersUnion», «S-Group», «Lemon» 4 қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшелері мен «Асар Баспана» пирамидасының 3 филиалы қызметінің жолы кесілді. Сонымен бірге заңсыз криптовалюта айналымының 2 дерегі анықталды. Заңсыз қаржы айналымының табысын ірі көлемде жұптасып шығарудың алдын ала сомасы 800 миллион теңге. Осыған ұқсас факті бойынша 186 миллион айналымы бар тағы бір іс өндірісі аяқталып, сотқа жіберілді. 4 мың АҚШ доллары, теңгеге шаққанда 1,8 миллион теңге тәркіленді.
РКС: Департамент онлайн-казинодағы ойындарды жүзеге асырушы және жарнамалаушы, қаржылық пирамидаларды насихаттайтын және шақыратын сайттарға сілтемелер мен чаттарды, сонымен қатар криптовалютаны айырбастауға қатысты заңсыз әрекеттерді жүзеге асыратын заңға қайшы аккаунттарды жабуға қатысты шараларды жүргізеді. Жыл басынан бері әлеуметтік желілерде 2 мың қатысушы тіркелген 8 чат пен аккаунт бұғатталды. Сондай-ақ заңға қайшы контенттердің мыңнан астам сілтемесі де жойылды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ