ДИКТОР: Таза ауыз су - бұл әрбір қазақстандық үшін күнделікті қажеттіліктің бірі. Әсіресе ауылдарда су мәселесі көпке дейін шешілмей келді. Қазір жағдай өзгере бастады. Бурабай ауданына қарасты Баянбай ауылында орталықтандырылған су жүйесі іске қосылды. Ауыл тұрғындары алғаш рет үйлеріне таза су тартып отыр.
РКС: Баянбай - шағын ғана ауыл. Тұрғындар көркем табиғатпен ғана емес, сонымен қатар таза, әрі үзіліссіз келіп тұрған ауыз сумен де мақтана алады. Ауыл халқы көптен күткен сәтке жетті. Енді олар құбырдан келетін судың сапасына алаңдамай пайдалана алады.
СНХ: ТАТЬЯНА КАСКАРАУОВА, БАЯНБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Судың сапасы жақсарды, дәмі де жақсы. Тіршілік нәрінсіз қиын еді. Үй шаруасы бар, бақша бар. Ауылда су болмаса, өмір сүру мүмкін емес. Су құбыры ұзақ жылдар бойы үздіксіз жұмыс істесе екен дейміз.
СНХ: ЕЛЕНА ГЛАЗЕБНАЯ, БАЯНБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз бұл су құбырын ұзақ күттік. Бұрынғы су жүйесі 1977-78 жылдары тартылған еді. Ол әбден ескіріп, жиі жарылатын, оны өзіміз жөндеп жүрдік. Енді бізге жаңа су құбыры тартылып берілді. Қазір судың сапасы әлдеқайда жақсы - мөлдір, дәмі де бұлақ суындай өте жақсы.
РКС: Биыл Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев республика бойынша халықты ауыз сумен толық қамтамасыз етуді тапсырды. Ақмола облысының қалаларында тұрғындщардың тіршілік нәріне қол жеткізу деңгейі 99, ал ауылдық елдімекендерде бұл көрсеткіш 96,6 процент.
СНХ: ИГОРЬ МАКАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Ауылдық елді мекендерде ауыз сумен қамту көрсеткішін 100 процентке жеткізу үшін биыл 37 ауылда су құбырын тарту жоспарланып отыр. Аз халқы бар ауылдарда суды тазарту үшін 41 кешенді блок-модуль орнату көзделген. Қазір 37 ауыл бойынша жоба қолға алынды. Бұдан бөлек су қызметінің сапасын жақсарту мақсатында су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
РКС: Жалпы облыс бойынша бүгінгі күнге дейін шамамен 85 су жобасы жүзеге асырылуда.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ