ДИКТОР: Олар – ауыл мен қала арасындағы алтын көпір. Жаңа идея, тың көзқарас, жауапты ұстаным – өңірлік жастар кадрлық резервіне енген әрбір жас маманның басты қаруы. Бұл бастама – ел Президентінің тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқан маңызды жоба. Әріптесім Нұрсәуле Мұратқызы жалғастырады.

РЗК: Ілияс Өтегенов Көкшетау қаласының тумасы. Отбасындағы 3 баланың үшіншісі. Ата-анасы әскери қызметте көп жыл еңбек етіп, қазір зейнет демалысында. Өзінің біліктілігін жан-жақты сынап көргісі келген жас, өңірлік кадрлық резервке құжаттарын тапсырған. Өңірлік кадрлық резерв – жастарға сенім білдіріп қана қоймай, кәсіби өсуге мүмкіндік беретін алаң. Жобаның арқасында әкімшілік басқару ісінің алғы шебіне шығып жатырмын,-дейді жас маман. Қызметке келгеніне көп болмаса да, білікті жас өзінің алғырлығымен жұмысқа бел шеше кіріскен.

СНХ: ІЛИЯС ӨТЕГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2024 жылы Ақмола облысының жастар өңір кадр резервіне құжаттарымды тапсырдым. Бірнеше кезеңдерден өттік. Әрбір білікті жас қатысуға тиісті деп есептеймін. Себебі сол кезеңдерден мен өттім. Әңгімелесу кезеңінен кейін мені осы лауазымға лайықты деп таңдап осы жұмысқа тұрдым. Ой ұшқырлығы,білімі,тәжірибесі бар жастар осы өңірлік кадр резервіне қатысу керек деп ойлаймын. Өйткені ол біздің облыстың , еліміздің дамуына үлкен үлес қосады деп сенемін, білем.

РКС: Келесі кейіпкеріміз Бауыржан Маманов та арнайы іріктеуден өткен. Қазір облыстық цифрландыру және архивтер басқармасы басшының орынбасары. Осы салада еңбек етіп жүрген білікті маман. Өңірлерді дамыту – басты міндет. Бізге үлкен сенім артылып отыр. Енді нақты нәтижемен жауап беруіміз керек-дейді жас маман.

СНХ: БАУЫРЖАН МАМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл лауазымға жылдың басында тағайындалдым. Өңірлік кадрлық резервте тұрдым. Бұл жоба мансаптық өсу жолындағы үлкен серпін екенін айтқым келеді. Былтыр өңірлік кадрлық резервке қабылдау басталғанын сол кезде жаңалықтардан білдім. Бірден осы байқауға қатысуға шешім қабылдадым. Бағымды сынап көргім келді. Іріктеудің барлық 6 кезеңінен өттім. Осылайша резервке қабылдандым. Сол жерден Ақмола облысының кадр қызметі әңгімелесуге шақырды, содан кейін қазіргі қызметке тағайындалдым.

РКС: Резервке енген жастардың кейбірі облыс аумағында басқарма басшылары мен бөлім жетекшілері болып тағайындалды. Бұл – тәжірибе мен сенімнің үйлесімі. Жас буын – ел тірегі. Ал өңірлік жастар кадрлық резерві – болашаққа бастар нақты қадам.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ