ДИКТОР: Жақсы ауданында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларының сапасын жақсартуға қатысты жүйелі жұмыс жалғасуда. Инфрақұрылымды жаңғыртуға және мамандарды тартуға ерекше назар аударылып отыр. Аудан халқының саны 16 мыңнан астам. Өңірдің оң динамикасына және негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуына қол жеткізілді. Аудан әкімі Алмагүл Қадыралина осы және өзге де мәселелерге брифинг барысында тоқталды.

РКС: Былтыр Жақсы ауданында білім беру саласын дамытуға 580 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. 7 білім беру мекемесіне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

СНХ: АЛМАГҮЛ ҚАДЫРАЛИНА, ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Агрофирма TNK» серіктестігі демеушілігінің арқасында Киров орта мектебін жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Былтыр облыстық бюджет есебінен аталған мектеп жөнделді. Ишим орта мектебіндегі жөндеу жұмыстары биыл аяқталады. Биыл облыстық бюджет есебінен Перекатный мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу, Чапаев ауылындағы білім беру мекемесін және Калининское орта мектебінің терезелері жөнделмек. Тарасовка мектебінің шатырын ағымдағы жөндеу көзделген. Бұл жұмыстар жуыр арада басталады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде Қима ауылы ауыл шаруашылығының басшылары және «Түгел С» серіктестігі Қима мен Лозовое ауылдарындағы мектептерді күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірледі.

РКС: Биыл Киров ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарланған. Жақсы аудандық ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуге, сондай-ақ жаңа медициналық жабдықтауға қаражат бөлінді. Қазір 250-ден астам дәрігер медициналық көмек көрсетіп отыр.

СНХ: АЛМАГҮЛ ҚАДЫРАЛИНА, ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Биыл аудандық ауруханаға 13 дәрігер тартылды. Былтыр аудандық ауруханада ауыз қуысы, травматологиялық операциялар, кесар тілігі, өзге де бейінді операциялар жасалды. 344 операция сәтті жүргізілді.

РКС: Жол картасы аясында Жақсы ауылындағы аудандық аурухана базасында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Мұнда облыстың 7 ауданынан нейро-ортопедиялық сырқаты бар 1,5-нан 18 жасқа дейінгі балаларға кешенді оңалту көмегі көрсетіліп жатыр.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.