ДИКТОР: Ақмола облысының аумағында соңғы кездері ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған мектептер мен балабақшалар саны артып келеді. Бірақ инклюзия тек білімге қатысты емес. Ол ең алдымен ерекше баланы қабылдау, оған деген құрмет және тең мүмкіндіктер.
РКС: Қазір аймақта инклюзивті білім беруді қолдайтын 84 кабинет бар. Оған 1 мыңға тарта бала барады. Ерекше білімді қажет ететін балаларға қызмет көрсететін арнайы 5 мектеп жұмыс істейді. Инклюзивті білім қызметін ұсынатын мектепке дейінгі 20-дан астам мекеме тағы бар. Сонымен бірге облыс аумағында медициналық-психологиялық кеңес беретін 4 психолог жұмыс істейді. Инклюзивті білім берудің психологиялық-педагогикалық коррекциялық 20 кабинеті де жан-жақты қолдау көрсетеді.
СНХ: МАЙРА ШТИР, ЕРЕКШЕ БАЛАНЫҢ АНАСЫ: Инклюзия менің қызым сияқты балапандардың қоғамда дені сау балалармен етене араласуына мүмкіндік береді. Менің ойымша бұл өте жақсы бастама. Еліміз, біздің қала біртіндеп осы бағытқа көбірек бейімделуі керек. Қазір адамдар біртіндеп тани бастады. 2 сәуір аутизм мәселесі туралы ақпарат таратудың дүниежүзілік күні. Біздің балаларымыздың бұл әлемнен тысқары қалмауы үшін көптеген ақпараттар таратылады халыққа. Баламның диагнозын білген алғашқы екі жыл мен үшін өте ауыр болды. Көшеде келе жатсаң назары бірден бізге ауады. Уақыт өте келе етіміз үйреніп кетті. Адамдар да тани бастады. Дені сау баламен келе жатқандай түйсік қалыптасты.
РКС: Қазірдің өзінде Көкшетауда инклюзивті спорт пен мәдениетке қатысты жобалар енгізілуде. Үйірмелер мен секцияларда тең мүмкіндіктері бар балалар бірге жаттығады. Ол толерантты, саналы әрі әділетті қоғамды тәрбиелейді.
СНХ: ӘЛИЯ РАҚЫМБЕКОВА, «ЕРЕКШЕ ӨМІР» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Біз инклюзияның жаңашылдық екенін жеткізгіміз келеді. Ерекше бала да кәдімгі топтағы бүлдіршіндермен тең ойнап, жаттығып, дами алады. Көп ретте ерекше балаларды өзге де өзіндей өрендермен бірге қосып қойғысы келеді. Ол инклюзия емес. Қазір біз спорт, мәдениет бағыттарын белсенді дамытып жатырмыз. Осы бағыттарды қамтудамыз. Кез келген үйірмеге барып жүрген дені сау балалардың арасында 1-2 ерекше бала болуы керектігін түсіндіреміз. Олар сау бүлдіршіндердің мінез-құлқын көріп, солардан үлгі алады. Достасады. Ерекше балалардың әрекеті ден сау балғындарға да қолайлы әсер етеді. Бұл әлемнің алуан түрлі екенін ұғынады. Болашақта мүмкіндігі шектеулі адамға үрке қарамауды үйренеді.
РКС: Инклюзивті білім балаларға ғана емес, тұтастай отбасына жәрдемдеседі. Ол ең алдымен қоғамға толығымен шоғырлануға мүмкіндікті арттырып, сенімділікті нығайтады.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ