ДИКТОР: Көкшетауға жұмыс сапарымен келген Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті. Оның барысында елдегі құқықтық мәдениетті қалыптастыру, әділетті қоғам құрудағы руханияттың, сөз өнерінің ролі айтылды. Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы жалғастырады.
РКС: Кездесу барысында Мәлік Отарбаев бірлік бар жерде тірлікпен қатар заң мен тәртіптің де сақталатынына тоқталды. Бұл ең алдымен мемлекетті сақтап қалудың алғышарты,-деп атап өтті. Ұлттық Құрылтайда көтерілген 53 мәселе нақты жоспармен бекітіліп, әлемдік саясатқа негізделіп отырғанын да жеткізді.
СНХ:МӘЛІК ОТАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Ол нені көрсетеді?Бұл мәселелердің өзектілігін көрсетеді. Бұл Президентіміздің айтқан әрбір сөзінің шын мәнісінде қаншалықты маңызды екендігін біздерге анық көрсетеді. Ақпараттық технология дамыған сайын, цифрлық іс әрбір салаға енгізген сайын біздің көзқарасымыз қазір өзгеріп отыр. Жалпы бүкіл ақпараттардан әлемдік қауымдастықтың қазіргі ұстанған саясаты белгісіздікке қарай бет алды. Жалпы бүгінгі әлем қауымдастығы сондай жағдайға түсіп отыр. Неге? Өйткені алпауыт мемлекеттердің саясаты өзгеріп отыр. Жаңалықты, реформаны талап етіп отыр. Осы жуырда Астана қаласында өткен Халықаралық Астана форумында да БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі бойынша құрамның жаңғыруы керек, өзгерту керек деген ұсынысты да біздің Президентіміз айтты.
РКС: Президент кеңесшісі қазақ халқының сан ғасырлық тарихына тоқталып, елдікті сақтау жолында құқық пен әділеттіліктің маңызына ерекше назар аударды. Қойнауы тұнып тұрған тарихқа бай, қаншама хандар мен билердің мекені болған ұлы елдің тұғыры да, ғұмыры да ұзақ болуы керек,-деді.
СНХ:ӘЙГЕРІМ ШОНУЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: Батальон патрульдік қызметінде психолог болып қызмет атқарамын. Бүгінгі іс-шарада, кездесу барысында Президент кеңесшісі құқық қорғау органдарының қызметкерлері де қоғам алдында жауапкершілігін терең сезіну қажеттілігін, ел бірлігі мен әділет жолында адал еңбек етуге шақырды. Өте әсерлі іс-шара болды.
СНХ ДЛЯ РУС: ДИАС МИСАЛИМОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ: Сегодняшная встреча мне очень понравилась. Все было хорошо разяснено. Много интересного. Встречи такие нужны нам.
РКС: Жаңа Қазақстанда сол даналардың аманатын орындау бүгінгі ұрпақтың парызы. Елдіктің тұғыры – заңға бағынған қоғам, әділетті билік, саналы ұрпақ,– деп түйіндеді кездесуді Президент кеңесшісі. Кездесу соңында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де қоғам алдындағы жауапкершілікті терең сезінетіндерін, ел бірлігі мен әділет жолында адал еңбек етуге дайын екендерін айтты.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ