ДИКТОР: №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үшін арнайы жаттығулар ұйымдастырылды. Мұндай жаттығулар тоқсан сайын өткізіліп тұрады.

РКС: Бұл жаттығу бұған дейінгі жаттығулардан өзгеше. Өйткені, оған әдеттегі қызметкерлер емес, 50-ге жуық өрт сөндіру бөлімінің офицерлері мен басшылық құрамы қатысты. Жаттығуды бастамас бұрын өрт сөндірушілер міндетті түрде дене қыздыратын жаттығулар жасайды. Оның ішінде қаз қадамдап жүру, артқа жүгіру. Құтқарушылар жаттығуды салмағы шамамен 20 келі болатын арнайы киім-кешек киіп алып орындайды.

STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үшін мұндай арнайы жаттығулар жиі өткізіледі. Өйткені әр құтқарушы кез келген жағдайда өрт сөндіруге дайын болуы тиіс.

СНХ: ӘДІЛЕТ СЕРІК, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІНІҢ КӨМЕКШІСІ: Күнделікті түрде өрт сөндіруші құтқарушылар түрлі қиын жағдайлармен кездеседі. Өрт кезінде оларға өрт қауіпті факторлар әсер етеді. Оның ішінде оттың жануы, температураның көтерілуі, түтіннің көп болуы. Сонымен қатар ауаның құрамындағы оттегі концентрациясының азаюы және улы қауіпті заттарының концентрациясының көбеюі. Осыған орай психологиялық-моральды тұрғыда өрт сөндіруші құтқарушылар дайындау үшін осындай күнделікті тұрғыда жаттығулар ұйымдастырылған.

РКС: Ең тиімді жаттығудың бірі - өрт жолағы. Ол өрт сөндірушілер еңсеруге тиісті бірқатар кедергіні қамтиды. Жаттығу барысында көрсетілген оқиға өрттегі жағдаймен ұқсас. Мұнда өрт сөндірушілер өз біліктерін көрсетті.

СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Өрт жолағының ең пайдалы қызметінің жас мамандарды даярлау. Олар аталған жаттығудың көмегімен өздерінің жалынға қарсы қорқынышымен күреседі. Сондай-ақ, тәжірибелі өрт сөндірушілер үшін жауынгерлік дайындықты, моральдық-психологиялық жағдайды қолдауға көмектеседі. Бұдан бөлек өрт сөндірушілерді даярлаудың бірқатар басқа да әдісі мен жаттығу кешендері бар. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жасанды оты бар «Лава» кешенімен жабдықталған. Мұнда өнеркәсіптік техногендік өрт жағдайында жаттығулар өткізуге болады.

РКС: Құтқарушылар жаттығу барысында міндеттелген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап шықты. Алдағы уақытта осындай арнайы жаттығулар жеке құраммен де өткізілмек. Адамдардың өмірі мен мүліктерін құтқаруға қашан да дайынбыз, - дейді бүгінгі күннің батырлары.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.