ДИКТОР: Облыстық әдебиет және өнер музейінің бастамасымен «Әйел әлемі» жобасы аясында «Иммерсия цвета и линии» атты сурет көрмесі өтті. Ол әлем бойынша әйел-суретшілердің шығармашылығын қолдауға бағытталған халықаралық бастама тұжырымдамасымен біріктірілді.
РКС: Көрмеде облысқа белгілі әйел-суретшілер Наталья Булгакова, Ирина Максимова және Татьяна Соловьеваның шығармалары ұсынылды. Көрмедегі түс – эстетикалық элемент ғана емес, эмоция мен күйдің тасымалдаушысы ретінде автордың ішкі әлемінашуға ұмтылған.
СНХ: НАТАЛЬЯ БУЛГАКОВА, «ИММЕРСИЯ ЦВЕТА И ЛИНИИ» КӨРМЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Көрме халықаралық жоба аясында өтіп жатыр, ол бүкіл әлемдегі галереялар 8-14 маусым аралығында әйел суретшілердің шығармаларын көрсетеді. Көрменің ерекшелігі атауында деп айтуға болады. Мұнда Татьяна Александровнаның графикасы ұсынылған. Әр суретте түс пен сызықтың бірігуі көрініп тұр.
РКС: Екі жоба біріктіріліп, түрлі үнді біртұтас визуалды хорға айналдырды. Бұл көрме әйел энергиясын жанды, көркемдік импульс ретінде көрсетті. Осы энергия сезімге толы, жасампаз, құрылымдаушы әрі жанды емдеуші күш ретінде танылады.
СНХ: ДУЖАН МАҒЗҰМОВ, ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Көрме балалар көркем сурет мектебінің оқытушысы, Қазақстан суретшілер одағының мүшелері Наталья Андреевна Булгакова, Соловьева Татьяна Александровна және Ирина Владимировна Максимова, үшеуінің шығармашылығы өте жоғары деңгейде жасалған жұмыстар. Көрермендер келіп, көріп, осы «Иммерсия» атты адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту – ең басты мақсат. Сонымен қатар бұл жерде көрермендердің рухани ләззат алуға мүмкіндіктері бар.
РКС: Алдағы уақытта осы шығармалар халықаралық деңгейдегі көрмелерде де ұсынылады, өйткені авторлар шеберлігінің деңгейі өте жоғары, - дейді ұйымдастырушылар.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.