ДИКТОР: Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында Көкшетаудағы оқу орындарының студенттері мен курсанттарына «Емтихан» қойылымы ұсынылды. Спектакль жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

РКС: Қойылым оқушылар мен мұғалімінің арасындағы келіспеушілікті баяндайды. Емтиханнан жақсы баға алғысы келген шәкірттер ардақты ұстазының үйіне келіп, жетесіздің әрекетіне көшеді. Ұстаз оқушылардың қорлығына қарамастан, барынша жанкештілік көрсетуге тырысады.

СНХ: МАНАРБЕК ХЫДЫРБАЙ, Ш. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ: Бұл қойылымда мектеп оқушылары ұстазының туған күніне барады. Барғандағы басты мақсаты – ұстаздарына әлімжеттік көрсетіп, емтихан билетінің сұрақтарына жауап алу. Бүгін қоғамда белең алған мәселелер жастардың үлкендерді сыйламауы, оқушылардың ұстазға қарсы шығуы деген сияқты мәселелерді көтереді. Тақырыбы өте ауқымды, айтар ойы терең қойылымдардың бірі.

РКС: Қойылымды тамашалауға Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының офицерлері мен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері келді. Олар өздерінің ойларымен және әсерлерімен бөлісті.

СНХ: ЭЛЕОНОРА ДАЛАБАЕВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: «Емтихан» спектаклі мен үшін өте күшті спекльдердің бірі. Себебі бұл қазіргі таңда болып жатқан емтихандарды адал өтуіне, әділ өтуіне деген көзқарастарды, оқушыларға, студенттерге тудырады. Және де осы спектакльға арнайы шақыртып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне алғысымды айтқым келеді. Себебі бұл студенттер мен оқушылар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетік қалыптастыруға үлкен көмегін тигізеді және мен осы спектакльге келіп жатқаныма өте қуаныштымын.

СНХ: АРМАН РАХЫМ, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің ұйымдастырылумен өткізіліп жатқан «Емтихан» пьессасына М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының жеке және ауыспалы құрамы, яғни курсанттар мен офицерлер келіп отыр. Мұндай іс-шаралар өте пайдалы деп ойлаймын, себебі еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізіліп жатқан кешенді іс-шараның бір бөлігі ретінде оны қабылдаймын. Біздің академиямызда да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жиі және жүйелі түрде өткізіліп отырады.

РКС: Өскелең ұрпаққа қойылымдағы шәкірттердің әрекеттері жақсылыққа апармайтынын, өмірдің ағы мен қарасын ажырата білуді түсіндіру маңызды екені сөзсіз.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.