ДИКТОР: Өндірісті Степногорск қаласының аумағында 21 мектеп бар. Оларда 9,5 мыңға жуық өрен білім алуда. Жазғы демалыс басталысымен оқушылар мектеп жанындағы жазғы алаңдарда және Қазақстанның көрікті жерлеріне саяхат жасап, тынығуда.
STAND-UP:ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Біз қаладағы №5-ші көпсалалы мектеп-гимназияның жазғы алаңына таңертең келдік.
РКС: Бірнеше топқа бөлінген оқушылар күнделікті жоспарға сай демалыстарын өткізіп жатты. Мектептің саябағында табиғаттың тылсымында тынығып, сурет салып, серуен құрып жүргендердің де қарасы көп. Бәрінің де көңіл-күйі көтеріңкі, жүздері шат.
СНХ: ӘДИЯ АМАНГЕЛДІ ОҚУШЫ: Бізде «Күншуақ» лагері ашылды. Осында тамақтанып, ән-би үйірмесіне қатысамыз. Барлығы жақсы, өте тиімді демалып жатырмыз.
СНХ: АҚЕРКЕ ӘЛІБЕК, ОҚУШЫ: Маған мектеп алаңында демалған ұнайды. Мұнда барлық жағдай жасалған. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз!
РКС: Сәкен Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-гимназиясы оқушылардың жазғы демалысын алаңсыз өткізудің кешенді жоспарын жасаған. Ол маусымның 1-інен бастап жүзеге асып жатыр.
СНХ: ОРЫНБАСАР ЫСҚАҚОВА, МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ: Жазғы мектеп алаңында 8 топ жұмыс істейді. Екінші кезеңде де балалар санын азайтпаймыз. Барлығы 386 оқушы демалып жатыр. Оқушылардың бүгінгі таңда 50 проценті қамтылған. Әр топтың өз жетекшілері кестеге сай жұмыс істейді. Қалаға саяхатқа шығып тұрамыз. Ең бастысы – балалардың қауіпсіздігін сақтау деп санаймын.
РКС: Сайын дала төскейіндегі Степногрскі қашан да жасыл желегі жайқалып тұратын қала. Оның көркеюіне жас толқындар да жаз айларында өз үлестерін қосып жүр.
СНХ: ЖАНАСЫЛ САБЫРҰЛЫ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің қаламызда да «Жасыл ел» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мектептерден 60 бала бірінші маусымнан бастап жұмысқа кірісті. Бұл игілікті іс 3 айға созылады. Әр мектептен 20 баладан көгалдандыру жұмыстарына қатысып, тиісті қаржы-қаражат алады. Сөйтіп, жазғы демалыста еңбек етіп, шыңдалады.
РКС: Жаз жайнатып, күн күлдірген демалысты Степногорск қаласының мектеп оқушылары тиімді өткізіп, жаңа оқу жылына тың серпінмен келері сөзсіз.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ