ДИКТОР: Зерендіде еліміздің үздік 50 спикері жиналды. Осы аптада мұнда Ұлттық пікірсайыс Академиясы өтуде. Биыл сайысқа қатысуға 300-ден астам өтінім келіп түсті. Оқушылар пікірталастың негізгі дағдыларын үйреніп, сыни тұрғыдан ойлауды, көпшілік алдында сөйлеуді және азаматтық белсенділікті дамытады.
РКС: Сайыс алғаш рет көшпелі жазғы лагерь форматында өтуде. Мұндай формат жас пікірсайысшыларға қарқынды дайындықтан өтуге мүмкіндік береді. Академияға қатысу тегін. Түнеу, тамақтану және оқу шығындары ұйымдастырушылар тарапынан. Қатысушылар Қазақстанның 18 өңірінен республикалық деңгейде іріктеудің екі кезеңінен өтті.
СНХ: ӘСЕЛ САПАРБАЕВА, «DEBAT ELI ACADEMY 2025» ҚАТЫСУШЫСЫ /ШЫМКЕНТ/: «Debat Eli» академиясына басты келудегі мақсатым – ол менің өзімнің қабілеттерімді шыңдау болып табылады. Яғни, дебат карьерамдағы қабілеттерімді шыңдау. Дебатта жүргеніме биыл 4 жыл болады. Осындай мүмкіндіктер есігін ашып беріп жатқан, Дебат елі Қоғамдық қорына алғысымды шексіз білдіремін. Менің болашақтағы жоспарларым, дебат менің мамандығына өте керекті. Себебі мен журналистика мамандығын таңдаймын, және ол мен үшін дебатпен сөздік қорын дамыту – өте маңызды болып табылады. Сол үшін мен Дебат еліне келдім. Тағы бір мақсатым – мен бұл жақтан тағы да өзімнің дебат жолымда басқа да форматтарды үйреніп, өзімнің Шымкент қаласына барып, дебат әрі қарай оқушыларға дамытқым келеді.
РКС: Шақырылған жаттықтырушылар Қазақстанның ғана емес, әлемдік сайыстардың жетекші пікірсайысшылары. Академияның ағылшын секциясындағы сабақтарды Словенияның ұлттық пікірсайыс ұйымының мүшесі, студенттік пікірсайыстан Еуропа чемпионы Рок Хафнер өткізіп жатыр.
СНХ: РОК ХАФНЕР, СТУДЕНТТІК ПІКІРТАЛАС БОЙЫНША ЕУРОПА ЧЕМПИОНЫ /СЛОВЕНИЯ/: Мен пікірталас тренингін өткізуге келдім. Пікірталас теориясын қарастырамыз. Мысалы, пікірталас барысын қалай талдауға, аргументтерді қалай шығаруға, оларға қалай жауап беруге болады. Сондай-ақ, жаттығу пікірталастары болады, мұнда мен төрешілердің бірі боламын. Бұған дейін мен қазақстандық пікірсайысшылармен, бүкіл Еуропа бойынша жарыстарда және университеттік пікірсайыс бойынша дүниежүзілік чемпионатта кездестім. Өзім үшін еліңіздегі осы қауымдастықтың ауқымын елестету қиын. Қазақстанда пікірсайыс бойынша ұлттық чемпионаттар өткізілген кезде оларға жүздеген адам қатысатынын естідім. Бұл еуропа елдерінің стандарттары бойынша өте көп.
РКС: Ұлттық білім беру деректері базасына сәйкес, Қазақстанда 165 мыңнан астам колледж студенті мен мектеп оқушысы жүйелі түрде пікірсайыспен айналысып келеді. Жас спикерлер үшін 7 мыңға жуық пікірсайыс клубы жұмыс істейді.
СНХ: ДИНАРА СӘДУАҚАСОВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Жылдан жылға жас дебатерлер саны артып келе жатыр. Ол өте қуантатын жағдай. Жалпы дебат, пікірсайыс форматы ол өте жақсы, тиімді формат деп ойлаймын. Өйткені дебат тек қана риторика шеберлік жағынан емес, ол балаларды сыни, логикалық ойлауға, дереккөздерімен жұмыс жасауға, ақпарат іздеуге, тек қана көпшіліктің алдында сөйлеу ғана емес, сондықтан тыңдай, білу қасиеттерге үйретеду. Сондықтан осы өскелен ұрпақтың тәрбиесіндегі пікірсайыс, дебат форматы – өте жақсы құрал деп есептеймін.
РКС: Пікірсайыс 14 маусымға дейін жалғасады. Оқушыларға арнайы бейімделген Академияның оқу бағдарламасы өз ұстанымын дәлелді түрде қорғауға және сындарлы диалог рухында өзара іс-қимыл жасауға қабілетті азаматтардың жаңа буынын қалыптастыруға арналған алаңға айналмақ.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.