ДИКТОР: Облыс прокурорының төрағалығымен қылмыстың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған "Заң және тәртіп: Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс қимылдың басымдықтары" тақырыбында үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыстың жұмысына облыс әкімі Марат Ахметжанов, облыстық соттың төрағасы, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, аудан және қала әкімдері, қоғам, жастар және спорт ұйымдарының өкілдері қатысты.
РКС: Ел Президенті "Заң мен тәртіп" қағидаты - қоғамдық санада терең орнығуы тиіс басты құндылық екенін атап өткен еді. Бұл тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов қылмыстың алдын алу үшін салдармен емес, себеппен күресу қажеттігін айтты. Осыған орай құқық бұзушылықты тоқтатуда біраз ауқымды тұжырымдамалар қабылданды. Онда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, алдын ала оны болдырмайтын іс-шаралар туралы әрбір өкілетті органның жауапкершілігі қаралған.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қанша қылмыстық іс тіркелді, не себептен ол өсіп жатыр. Соның бәрін баяндап, жазалайтынды жазалап, бірақ бүгінгі таңда мұқият қараған кезде оның бәрі бірлескен жұмыстың арқасында. Соны болдырмау үшін жергілікті атқару биліктің ролі өте маңызды. Ортақ жауапкершілік болу керек. Біз қазір сандық модельге ауысып жатырмыз, цифровизацияға. Сондықтан ол да қазір біраз көмегін тигізіп жатыр. Бүгінгі таңда полицияны алайық, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қарсы қылмысқа ұжымдарын алған кезде әр жерде бастысы профилактика. Біраз тұжырымдамаларда ол нақты көрсетілген, нақты жазылған. Ең бастысы қылмысты болдырмау. Ол өте дұрыс.
РКС: Отырыста жасөспірімдер арасындағы қылмыс, есірткі заттарының заңсыз айналымы, буллинг, тұрмыстық зорлық-зомбылық және лудомания секілді әлеуметтік өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Осы бағыттағы алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЕРБОЛАТ ЖҮСІП, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Есірткі тарату ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Сондықтан құқық қорғау органдарының барлық күші есірткі бизнесінің жолын кесуге бағытталған. Былтыр желтоқсан айында Көкшетау, Астана және Қарағанды қалаларында өздерінің жеке есірткі дүкені арқылы есірткі таратқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 13 мүшесі 3 жылдан 16 жылға дейінгі түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Топтың құрамында ұйымдастырушы, Telegram-арналардың кураторлары, есепшілер, курьерлер, қоймашы және жарнама беруші болған. Мамыр айында өңірде синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана анықталды. 200 грамм мефедрон, 150 килодан астам химиялық прекурсор, түрлі зертханалық құрал-жабдық пен 2 дана суық қару тәркіленді. Ұйымдастырушылар тергеу изоляторында, тергеу амалдары жүргізілуде.
РКС: Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында "Заң және тәртіп-кемел демократияның іргетасы екенін айтқан еді. Осы тұста құқықтық тәртіпті нығайту -қызметтің басты бағдары ретінде көрсетілді. Шара соңында ерлік пен белсенді азаматтық ұстанымы, заң және тәртіп қағидатын іске асырудағы белсенділігі үшін біршама азамат аймақ басшысы мен облыс прокурорының арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ