ДИКТОР: Көкшетауда Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты XXVIII сессиясы өтті. Іс-шараға облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының төрағасы Марат Ахметжанов, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

РКС: Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепіліне айналып, қазақстандық бірегейлік пен патриотизмді қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді. Осы бағытта Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы да көптеген жобаларды жүзеге асырып, өңірдегі этностардың дәстүрі мен мәдени мұрасын сақтау және дамыту жолында жемісті еңбек етуде. Сессия барысында Ассамблея мүшелері сөз сөйлеп, қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтудағы ұйымның маңызын айырықша атап өтті. Айта кетейік, Ақмола Ассамблеясының 28-ші сессиясына Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі, Сенатор Геннадий Шиповских қатысты.

СНХ: ГЕННАДИЙ ШИПОВСКИХ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: 1995 жылы Ассамблея жай ғана конспрективті орган ретінде ғана құрылған болатын. Одан кейін 2000 жылдардың басында елімізде үлкен Конституциялық реформа өткеннен кейін, бұл арнайы Конституциялық Парламенттік мүшелікке, құқыққа ие болды. Одан бері қаншама уақыт өтті. 30 жылдың ішінде Қазақстан Халқы Ассамблеясы халықаралық деңгейге шығып, өте жақсы көрсеткіштерді көрсетті. Естеріңізге сала кетейін, кезінде сонау Біріккен Ұлттар Ұйымының басшысы Кофи Аннан мырза біздің елімізге келген кезде Қазақстан Халқы Ассамблеясына байланысты өзіндік оң бағасын беріп кеткен. Себебі дәл осындай ұйым әлем бойынша тіпті жоқтың қасы деп. Яғни, бұл біз үшін халықаралық деңгейдегі үлкен баға болды.

 РКС: Жиын барысында ел бірлігі мен қоғамдық татулықты сақтау жолында белсенділік танытқан бір топ азамат Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: НАЙЛЯ СЕЙДАЛИНА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: 20 жылдан астам Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесімін. Осы уақыт аралығында татар мәдени орталығының атынан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетін насихаттаумен айналысып келемін. Бүгін Мемлекет басшысының атынан мерейтойлық медальмен марапатталып жатырмын. Өте қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе.

РКС: Ассамблея - ел ішіндегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтудың маңызды тетігі. Өңірде жүзеге асырылып жатқан, ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталған түрлі бастамалар соның айқын дәлелі. Мәселен, биыл «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жылы» атты кешенді жоспар аясында 13 жоба мен 50-ден астам іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Бұл бастамалар өңірдегі этностардың өзара ынтымағын арттыруға және қоғамдағы бірлікті нығайтуға зор ықпал етпек.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ