ДИКТОР: Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінде жыл бойы тынымсыз еңбектеніп, биік белестерді бағындырған жастар марапат төрінен көрінді. Республикалық деңгейдегі түрлі байқауларда жеңіске жеткен колледж студенттері оқу жылының қорытындысында арнайы марапаттарға ие болды. Білім мен талантты ұштастырып, түрлі сала бойынша үздік шыққан студенттер еліміздің түкпір-түкпірінде өткен республикалық сайыстарда топ жарып, колледждің мерейін үстем етті.

РКС: Бұл – ұстаздар еңбегінің, студенттердің ізденісі мен қажырлы қайратының, ұжымның бірлігі мен ұйымшылдығының айқын айғағы. Бұл жетістіктер – алдағы белестерге жетелейтін нық қадам, болашақ жеңістердің бастамасы. Мерейлері үстем болған жастар арасында «WorldSkills Aqmola – 2025» өңірлік чемпионатында жүлделі орынға ие болған Жұлдыз Сәбит пен «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» атағын иеленген Ербатыр Қабдөш те бар.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЖҰЛДЫЗ СӘБИТ, «WORLDSKILLS AQMOLA – 2025» ЖЕҢІМПАЗЫ: Биылғы 2024-2025 оқу жылында «WorldSkills Aqmola – 2025» аймақтық чемпионатынан жүлделі 1-орынға ие болдым. Алдағы уақытта Ақмола облысының намысын республикалық кезеңде қорғайтын боламын. Бұл чемпинат мен үшін мақтаныш пен жауапкершілікті талап етті. Осы байқауға үлкен үлесін қосып, қолдау білдірген жетекшім Бақытгүл Ерғалиқызына және де колледж басшысы Ахат Нұртас Ахатұлына үлкен алғысымды білдіремін.

СНХ: ЕРБАТЫР ҚАБДӨШ, «ҚР КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ ҮЗДІК 100 СТУДЕНТІ» АТАҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ: Осы колледжге түскеннен бастап біршама жарыстарға қатысып, республикалық деңгейде жеңімпаз атандық. Осындай жетістіктерімнің көп болғанының арқасында республикалық 100 студентінің қатарына кірдім.Осы жолда менімен бірге еңбек етіп, осындай жетістіктерге жеткізген колледж оқытушыларына дене мәдениеті кафедрасына, Нұртас Ахатұлына және де Қуаныш Ахметұлына алғысымды білдіремін.

РКС: Әрбір марапат – маңдай тер мен үздіксіз ізденістің, ұдайы талпыныстың нәтижесі. Бұл – тек бір колледждің ғана емес, еліміздің ертеңіне сенім ұялататын буынның жемісті қадамы. Бұл марапат – үлкен жауапкершілік. Алда бұдан да үлкен белестер күтіп тұрғанын жақсы түсінеміз. Бізге сенім артқан ұстаздарымызға алғысымыз шексіз, – дейді үздік атанған студенттердің бірі.

СНХ: АЙЖАНАР МЕҢДІБАЕВА, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ӘДІСКЕРІ: Мықты белсенді студенттеріміздің арқасында биылғы жыл табысты болды. Келесі оқу жылы да осы белестерді бағындырамыз.

РКС: Еңбегі еленген әрбір жас – Отанымыздың жарқын болашағына қосылған зор үлес.Шара соңында үздік нәтиже көрсеткен, түрлі байқауларда 1 орынды жеңіп алған клубтар мен «WorldSkills Aqmola – 2025», «I Shyaq» педагогикалық жасағы және «АЙБЫН» әскери-патриоттық клубы «ТОМИРИС» рухани-патриоттық қыздар клубы үздіктер қатарынан көрінді.

ИНТЕРШУМ:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЕЛДОС ЖӘРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ