ДИКТОР: Биыл Тәуелсіз Қазақстанға 34 жыл толды. Тәуелсіздікпен қатар туған азаматтар бүгінде еліміз бойынша түрлі салада жемісті еңбек етуде. Көкшетаудағы полиция басқармасында Тәуелсіздіктің 12 құрдасы бар. Оның жетеуі патрульдік полицияның батальонында жұмыс істейді.
РКС: Күн сайын Көкшетау көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті күзетуге патрульдік экипаждар шығады. Олар тұрғындардың жолдағы және қоғамдық орындардағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Көлік ағынын қадағалап, жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көліктердің техникалық жағдайын тексереді. Александр Нилов 2012 жылдан бері құқық қорғау органдарында қызмет атқарады. Бала күнінен полиция қызметкері болуды армандаған. Өйткені, әкесі сол кезде МАИ қызметкері болып еңбек ететін еді. Сондықтан, әкесінің еңбектегі жолын жалғауды тағдаған. Содан бері көп нәрсе өзгерді, бөлімшелердің атауы ауысты, ведомство құрылымы жаңарды. Заманауи дайындық стандарттары енгізіліп, материалдық-техникалық база жақсарды. Бірақ, бір нәрсе өзгерген жоқ. Қай кезде болсын қызметкерлердің басты мақсаты қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, – дейді маман.
СНХ: АЛЕКСАНДР НИЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ВЗВОД КОМАНДИРІ: Тәуелсіздік жылдары Қазақстандағы құқық қорғау жүйесі біршама өзгерді. Заңдылықты нығайту, полиция жұмысының тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған ауқымды реформалар жүргізілді. Азаматтардың құқықтарын қорғауға, хабарламаларға жедел әрекет етуге және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде Қазақстанның құқық қорғау органдары жаңартылған заңнама жағдайында және тәуелсіз елдің жоғары талаптарына сай қызмет етуде.
РКС: Қалада күн сайын шамамен 15-20 автопатруль және 6-8 жуық жаяу күзет кезекшілікке шығады. Сондай-ақ стационарлық 4 модульді бекет жұмыс істейді. 60-қа таяу қызметкер Көкшетау тұрғындарының тыныштығын күзетеді. Бұл жұмыста оларға заманауи технологиялар көмекші құрал. Көшелерде «Ekin Patrol» құрылғысымен жабдықталған екі мобильді техника қызмет көрсетеді. Жылжымалы бұл кешен жылдамдық режимін және басқа да құқық бұзушылықтарды тіркейді.
СНХ: АЗАМАТ ҚАБИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ: Патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті заң шеңберінде әрекет ете отырып, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және қоғамдық тәртіпті сақтайды. Тәуелсіз елімізде қауіпсіздік пен құқық тәртібіне ерекше мән беріліп отыр. Бұл өз кезегінде қызметтік міндеттерді тиімді атқаруға мүмкіндік береді. Жеке құрамның жауапкершілігінің арқасында құқық бұзушылықтар саны азайып, жедел әрекет ету деңгейі артуда. Біз қалада заң мен тәртіптің тұрақты сақталуын әрі қарай да қамтамасыз ету бағытында талмай еңбек ете береміз.
РКС: Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғалары мен қауіпті жағдайлар қаупі жұмыс күндері қала көшелерінде автокөліктер мен жаяу жүргіншілер ағынының қарбалас шағында артатынын айтады. Ал түнгі уақытта біршама сейіледі. Сондықтан патрульдік полиция батальоны кез келген уақытта тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға дайын.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.