ДИКТОР: Қосшы қаласында жедел басқару орталығы ашылды. Әмбебап кешен бір мезетте 1 мыңнан астам бейнебақылау камерасын қадағаламақ. Шаһар көшелері мен әлеуметтік нысан, тұрғын-үй аулаларына орнатылған құрылғылар қауіпсіздікті толық қамти алады. Заң бұзушылық қалай анықталады? Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.
РКС: Бейнебақылау камералары балабақшадан бастап әр көшеге орнатылды. Бұл құрылғылар жасанды интеллект элементтері бар "Sergek tor" бірыңғай платформасына біріктірілген. Сонымен қатар, бұл камера көліктің номері мен оның ішінде отырған адамның бет-бейнесін де нақты анықтайды. Осылайша заң бұзушылықты тіркейді. Бұдан бөлек, 2 дабыл батырмасы да іске қосылды. Осылайша, шағын шаһардағы тәртіп тәулік бойы қадағаланбақ.
СНХ: ТИМУР ТУРЛОВ, "FREEDOM HOLDING" КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біз сондай-ақ қазір мониторинг аясында қолданылып жатқан шешімді де көрсеттік. Автобустарда, көліктерде және қозғалатын нысандарда оқиғалар анықталады. Біз дрондардың жалпы жүйесін бір жерге шоғырландырдық. Ол республикада бар. Бұл пилоттық жоба. Енді біз оны Ақмола өңірінің барлық аймағына таратуды жоспарлап отырмыз. Жұмыстың барлық стандартын мейлінше арттыруға ықпал ететін нағыз сапалы құрылымды алуға болады. Түптеп келгенде, бұл мемлекет басшысы айтқан «Заң және тәртіп» қағидаттарын нақты істе жүзеге асыруға маңызды қадам болатынына сенімдімін.
РКС: Бұл орталықта полиция департаментінің қызметкерлері, жергілікті әкімшіліктің коммуналдық қызмет мамандары бірлесіп жұмыс істейді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Президенттің қойып отырған талаптары сол ғой. Бүкіл құқық қорғау қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ол әрбір мемлекеттік органның міндеті. Тікелей міндеті. Сондықтан, мына жерде міне осы президент қойып отырған талаптарға смәйкес "заң ен тәртіп", "Таза Қазақстан" соның бәрі бірі жүйеден іске асыралады. Бұл енді ең біріншіден тұрғындардың қауіпсіздігі, осындай тәртіп сақтау мәдениет қалыптастыру мәселесі.
РКС: Осылайша, Қосшы қаласы жасанды интеллекттің игілігін көріп отыр. Келер жылы өңірдің барлық ауданы мен қалаларына дәл осындай бейнебақылау камералары орнатылмақ. Бұл өз кезегінде заң бұзушылықтың алдын алады. Сондай-ақ, Қосшы қаласының бірқатар полиция қызметкері ерен еңбегі үшін марапатталды. Өңір басшысы Марат Ахметжанов оларға пәтер кілтін табыстады.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ