ДИКТОР: Көкшетауда жыл сайынғы Ақмола облысы әкімінің «Әкім кубогы - 2025» көңілді жастар алаңы өтті. Шараға 6 құрама қатысты. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.
РКС: Ойын сәлемдесу және биатлон сынды екі кезеңде өтті. Қатысушылардың актерлік шеберлігі, ұшқыр ойы және командалық рухы ерекше көзге түсті. Көңілді кеш көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен күлкі сыйлап, жақсы әсер қалдырды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Шарадан ұзақ уақыт қол үзіп қалған Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының командасы қатысты. Қалған құрамалар бұған дейін ұйымдастырылған «Көңілді жастар алаңында» жүлдегер аттанған. Ойынның ең жас «Abay City» құрамасы көрермендердің қошеметіне бөленді.
СНХ: «ABAY CITY» ҚҰРАМАСЫ: Осыған көп дайындалдық. Алдында чемпион болдық, гран при алып облыста. Қазір шығып, өз өнерімізді көрсетіп, жеңетін шығармаыз. Жалпы бүгін алты команда қатысады, жеңеміз деп ойлаймын оларды.
СНХ: АЙБОЛ ҚАЙРАТ, КӨРЕРМЕН: Бір ай бұрын лига басталған болатын, маусымашардан бастап. Өзімнің ең жақын, ең жақсы көретін командам «Мусин» құрамасы. Олардың ойындары өте ерекше. Солардың командасы ұнайды. Барша көрермендерге жақсы көрсетілім тілеймін. Ойыншыларға сәттілік тілеймін. Осындай ойындарға жиі келіп тұрамын. Осында күлкілі, өзіңе жақсы энергия аласың.
РКС: Ойын қорытындысы бойынша жүлделі 3-ші орынды және 100 мың теңгенің сертификатын Қосшы қаласынан келген «Exclusive» құрамасы иеленді. 2-ші орынға Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Мусин жастары» командасы тұрақтады. Оларға 200 мың теңгенің сертификаты берілді. Ақмола облысының құрамасы жеңімпаз аттанып, 300 мың теңгенің сертификатын алды. Сондай-ақ, «Exclusive» құрамасының капитаны Ерсұлтан Сейтқасым үздік ойыншы атанып, 50 мың теңге ұтып алды. Ал «Шоқан» құрамасы көрермен көзайымына айналып, 50 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ