ДИКТОР: Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Зеренді ауданында Қазақстандағы белсенді ұзақ өмір орталықтары арасында спорттық фестиваль өтті. Жарыста ұлттық және зияткерлік спорт түрлерін қамтитын асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат және үстел теннисінен спорт ойындары негізінде мықтылар анықталды. Шараға еліміздің 7 өңірінен 100-ден аса зейнеткер қатысты.
РКС: Еліміз бойынша қарттардың өмір сапасын арттыру және белсенді қоғамдық өмірге тартуды көздейтін 120-дан астам белсенді ұзақ өмір орталығы жұмыс істейді. Фестиваль барысында Астана, Шымкент, Көкшетау қалалары мен Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының намысын қорғаған қатысушылардың арасында үстел теннисінен ойын тартысты өтті.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МАХАМБЕТ АХМЕТОВ, СПОРТТЫҚ ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ (ШЫМКЕНТ): Шымкенттен 5 адам болып келдік. Бұл жолы осылай. Келесі жолы ойын шарттарына сай қанша адам керек, сонша адам алып келеміз деп отырмыз. Мен мектепте ұстаз болған адаммын. Теннисті балаларға қосылып ойнап, үйрендім. Осы ойыннанн мастер, я болмаса разрядтарым жоқ.
СНХ: НҰРЛАН АЙСИН, ТЕННИС ОЙЫНЫНАН ЖЕҢІМПАЗ (КӨКШЕТАУ): Менің қарсыластарым СҚО, Қарағанды, Астана қаласынан жақсы ойыншылар келді. Осы жарыстарды ұйымдастырушыларға үлкен рахметімізді айтамыз. Астана қаласының ойыншылары мықты болды. Солтүстік Қазақстанның спортшыларымен финалда кездестім.
РКС: Ұлттық ойындар да қалыс қалған жоқ. Асық атудан қазыналы қариялар шеберліктерін көрсетсе, тоғызқұмалақ ойынында ақ жаулықты аналар белсенді қызығушылық танытқан. Басым көпшілігі бұл ойынның ережелерімен танысып, қыр-сырын дәл осы белсенді ұзақ өмір орталығында үйренген.
СНХ: АЛТЫНБАЛА ШӘЙМЕРДЕНОВА, СПОРТТЫҚ ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ (ҚАРАҒАНДЫ): Келгеніме өте қуаныштымын. Көкшетау елінде асық ату, тоғызқұмалақ ұлттық ойындарыны ойнап, дәстүрді жалғастырып, Қазақстанның әр түкпірінен келген адамдармен қауышып отырмыз. 77 жастамын. Пенсияға шыққалы 1 жыл ойнап жатырмын. Тоғыз құмалақты жақсы көремін. Тоғыз құмалақты балаларға үйрету керек.
РКС: Шара соңында облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова фестивальге қатысушыларды осындай ерекше форматтағы мерекемен құттықтап, мақтау қағаздарымен марапаттады. Ерлер мен әйелдер арасында өткен тартысты жарыста жеңімпаз атанған спортшыларға алтын, күміс және қола медальдар табысталды.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ