ДИКТОР: Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында еңбек пен өнерді үйлестірген «Екі жұлдыз» жобасының қорытынды гала-концерті өтті. Бұл тағылымды кеш қоғамның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жұмысшы мамандық иелерінің еңбегін дәріптеп, шығармашылық қырын көпшілікке паш етті.

ИНШЕРТШУМ:

РКС: «Екі жұлдыз» жобасы аясында маусым мен қыркүйек айларында екі тур өткізілді. Жобаның соңғы кезеңіне «Көкшетау жолдары», «Қазақстан Теміржолы», «Altyntau Kokshetau» акционерлік қоғамы, «Enki Plus», «Бaза Восток Строй» серіктестіктерінің өкілдері кәсіби әншілермен бірге үлкен сахнада өнер көрсетті.

СНХ: МАКСИМ ТИМОХОВЕЦ, «КӨКШЕТАУ ЖОЛДАРЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖҰМЫСШЫСЫ: «Екі жұлдыз» жобасында сахнаға шығып, Арай Букаевамен бірге өнер көрсету бақыты бұйырды. Жалпы, бәрі жоспарлағанымыздай сәтті өтті. Жоба өте ұнады. Әрине, филармонияға, сондай-ақ әртістерге, маэстроға үлкен алғысымызды айтамыз.

СНХ: АРАЙ БУКАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ СОЛИСТІ: Бұл жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланғандықтан, осындай жобалар мен концерттер біз үшін, сондай-ақ филармония ұжымы үшін ерекше маңызды. Бастапқыда өзіміз, кейін оркестрдің сүйемелдеуімен дайындалдық. Максим кәсіби түрде дайын екенін көрсетті, себебі кез келген адам үлкен сахнада оркестрмен бірге ән айта алмайды. Максимнің табиғи, ерекше даусы бар оны ол шебер қолдана білетінін көрсетті.

СНХ: ОЛЖАС СЕЙІТОВ, «ENKI PLUS» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖҰМЫСШЫСЫ: Жаз айында «Екі жұлдыз» жобасы өткен болатын. Бүгін екінші рет сахнаға шығып тұрмын. Бұл жоба оркестрмен өз өнерімізді ортаға салып, халықтарға, көрермендерге көңіл-күй сыйлап жатырмыз. Жақсы болды деп ойлаймын. «Enki plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде мен 5 жылға жуық қызмет етіп жатырмын. Бізде кірпіш зауытында, должностым оператор. Ән айтқан маған өзіме ұнайды. Жалпы бос уақытымда, достарымыздың арасында, ойын-тойларда ән айтатыным бар.

РКС: Еңбек пен өнерді ұштастырған бұл жоба қатысушыларға рухани серпіліс сыйлап қана қоймай, көрерменнің де ыстық ықыласына бөленді. Залға жиналған халықтың шынайы қошеметі соның айқын дәлелі болды.

СНХ: МАРА ЕСМҰХАНОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ: Мұндағы ерекшелік біздің биылғы Президенттің қолдауымен жұмысшылар мамандығының жылы ғой. Соған байланысты біздің Көкше елінің біраз жұмысшылары, Көкше жолдары, Көкше тау-кендерінің жұмысшылары бүгін керемет өнер көрсетті. Бұл енді жұмысшының еңбекті өнермен ұштастыруы үлкен керемет жоба деп ойлаймын. Өздеріне де керемет көңіл сыйлады. Бүгін қаншама халық міне қол соғып, қошемет көрсетті. Сондықтан да, осындай жобалардың әр уақытта болғанын қолдаймыз, халық та бүгін өте керемет қарсы алды.

РКС: Шара соңында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ