ДИКТОР: Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Ақмола Ассамблеясында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында өткен «Шаңырақ» шығармашылық байқауының қорытындысы шықты. Сонымен қатар студенттер арасында ұйымдастырылған «Мен қазақстандықпын» атты эссе және әлеуметтік роликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды.
РКС: «Шаңырақ» шығармашылық байқауына өңір журналистері белсенді қатысып, этносаралық қатынастар, қоғамдық келісім, ұлттық бірлік, мәдениет пен дәстүрді насихаттау бағытында көптеген жұмыстар ұсынған. Оның ішінде ондаған мақала,бейнеролик пен сюжет бар.
СНХ: ҚУАНЫШ ШАҚШАҚОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы қоғамдық келісімде 5 мыңнан аса іс шара өткізілді. Оның ішінде ғылыми практикалық конференциялар, түрлі кездесулер, концерт, байқаулар өтті. Журналистер арасында өткен байқаудың бүгін қорытындысы жарияланады, жеңімпаздар марапатталады. 35 жұмыс түсті журналистерден. Оның ішінен ең үздік репортаж, мақалалар 7 номинация бойынша 7 иегері бар.
РКС: «Шаңырақ» шығармашылық байқауында жүлделі орын алған журналистің бірі Атбасар аудандық газетінің редакторы – Елена Вергун. Ол «Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қызметі аясында этностар мен этномәдени бірлестіктер өкілдері жүзеге асыратын қайырымдылықты дамыту» тақырыбындағы үздік материал номинациясының иегері атанды.
СНХ: ЕЛЕНА ВЕРГУН, АТБАСАР АУДАНДЫҚ «ПРОСТОР» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКТОРЫ: Ақмола облысының Ассамблея жанынан құрылған журналистер клубының қорытынды отырысы өтуде. Бұл жиында әдеттегідей этножурналистиканы дамыту, медиа саладағы өзекті мәселелер, өңірлердегі осы энтожурналистиканы дамыту сияқты маңызды мәселелер талқыланды. Біздің Атбасар ауданында түрлі ұлт өкілдерінің татулығы, этникалық журналистиканы дамытуға көп көңіл бөлінуде. Аудандық газетте осы тақырыпқа арнайы рубрика мен бет бар. Онда ұлтаралық татулық жайында үнемі мақала жарияланады.
РКС: Осы жиында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға және дамытуға арналған «Мен қазақстандықпын» атты эссе және әлеуметтік роликтер байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаз студенттер марапатталды.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ