ДИКТОР: Көрнекті ғалым Шоқан Уәлихановтың туғанына биыл 190 жыл. Көкшетауда осы датаға орай «Шоқан Уәлиханов: ағартушылық пен ғылым жолындағы ғұмыр» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға қатысқан тарихшылар, Шоқантанушылар мен зиялы қауым өкілдері Шығыстанушының өмірі мен ғылымғы қосқан еңбектерін тілге тиек етті. Сонымен қатар ғалымның зерттеулерін жаңа көзқараспен зерделеп, басқа қырынан танытуға қатысты ойларымен бөлісті.
РКС: Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздың этнографиялық зерттеулері, очерктері мен ағартушылық қызметі ұлттық ғылымның дамуына зор ықпал етті. Бүгінде ғалымның еңбектері халықаралық аренадағы тарихшылардың назарында. Көкше өңірінің тарихшылары да оның өмірін тереңірек зерттеп жүр.
СНХ: ҒАЛЫМТАЙ ТӨЛЕПБЕРГЕН, ТАРИХШЫ: Өмірде Шоқанды көп зерттегендердің бірі Қадіржан Қабиденұлы болды. Ол кісі «Шоқан және оның замандастары» деген кітап шығарған. Одан басқа осы өңірде Көкшетаудың тумасы, тарих ғылымдарының докторы Жарас Ақышұлы Шоқан туралы ол кісі архив материалдарын зерттеу арқылы тың зерттеулерді қазіргі күні шығарып жүр. Оған дейінгі замандарда жазушылар тарапынан шоқанды зерттегендер болды. Ол Сәбит Мұқанов, тарихшылардың ішінде Әлкей Марғұлан.
СНХ: БОЛАТ МӘЛІКОВ, ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ ҰРПАҒЫ: Орта Азия елдеріне де Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Ұлыбритания, Ресей, Қазақстан ғалымдары Шоқанның еңбектерін терең зерттеуде. Шоқан Уәлиханов 17 ғылым саласында терең еңбек зерттеулерін қалдырған. Әр уақытта менің ойымша оның жұмыстары актуальді болады деп ойлаймын. Әр ұрпақ буынға ол керек. Шоқанды жаңа көзқараспен зерттеу керек. Қазіргі ұрпақтың қызығушылығына, көз қарасына сай жаңа құрлықтардың негізінде зерттеу керек деп ойлаймын. Шоқан танушы тобын ұйымдастыру керек. Соның негізінде комиссия құрып зерттеу керек. Мемлекеттің басқаруымен.
РКС: Шоқан Уәлиханов — қазақ мәдениетін әлемге танытқан ғалым. Оның саяхат күнделіктері ғылыми тұрғыдан үлкен маңызға ие. Отырыс барысында қатысушылар назарына Шоқан Уәлиханов туралы материалдардан арнайы кітап көрмесі де ұйымдастырылды.
ИНТЕРШУМ:
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ