ДИКТОР: Целиноград ауданы облыстағы ауыл шаруашылығы дамыған өңірдің бірі. Биыл аудан 295 мың гектарға жуық алқапқа дән сіңіріп, күзде әр гектарынан 14,3 центнер өнім жиналды. Дала жұмыстарына 300-ге жуық техника жұмылдырылды. Осылайша, өңірдің рекордтық астық жинауына айтарлықтай үлес қосты. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов Целиноград ауданының диқандарына алғыс айтып, жылы лебізін жеткізді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 60 пайыз ең сапалы астықты Ақмола облысының диқандары жинапты. Оның ішінде Целиноград ауданының диқандарының үлесі де бар. Сондықтан, сіздерге де алғысымызды білдіреміз. Енді оны айтуымыз керек. ол енді осы диқандардың, ол осы жүрген ауыл әкімдерінің, аудан әкімдерінің, мынау ауылшаруашылық басқармасының осындай тиянақты жұмысының нәтижесі деп айтуға болады. Өйткені, күзден дайындалдық.
РКС: Целиноград ауданы тұрғындарын 3 ірі кәсіпорын жұмыспен қамтып отыр. Биыл тартылған инвестиция көлемі 80,5 млрд.теңге. Алдағы уақытта 25 жоба жүзеге асырылып, инвестиция көлемі артпақ. Ал, аудан бюджетіне түскен қаражат өңірдің дамуына жұмсалады. Аудан жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Алайда, тұрғын-үй саласына келсек, көпқабатты 11 үйдің құрылысы әлі де аяқталмаған. Айта кетейік, бұл баспаналардың құрылысы 2021 жылы басталған еді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Дер кезінде дұрыс бақылауі болмаған. Дұрысқаржыландыру болмаған. Дұрыс жаңағы экономикалық есеп болмаған. 10 үйді кредит қылып салып, оны мүмкін Астанада талап алып кететін шығар ол кредиттік үйлерді. Мына жерде бліз енді қазір қараймыз. Биыл енді жылдың аяғына дейін тағы да 4 үйді бітіріп, келесі жылы тағы да 6 үйді жоспарлап отырмыз. Осы ұзаққа созылған құрылыстарды бітіріп, мұқтаж топтарға, көпбалалы аналарға, жетім балаларға біз береміз оны. Тегін береміз.
РКС: Биыл Оразақ, Қоянды, Қараөткел, Талапкер және Ыбырай Алтынсарин ауылдарының жолдары қалпына келтірілді. Бұл мақсатқа 20,4 млрд.теңге бөлінді.
СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Жол салу, жол жөндеу жұмыстары өте қарқынды жүргізілді Целиноград ауданында. Биыл 18 ауылда жол салынып, жөнделді. Ол 150 шақырымнан астам жол жаңадан салынып және бұрынғы жолдар жөнделді.
РКС: Ауыл ішілік көшелерге жарық орнатуға да ерекше көңіл бөлінуде. Биыл 10 мыңнан астам шам орнатылды. Сондай-ақ, таза ауыз сумен қамтамасыз етуге де екпін беріліп отыр. Президент тапсырмасына сәйкес 40 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды. Келер жылы тағы 6 елдімекен орталықтандырылған көгілдір отынға қол жеткізеді деп жоспарланып отыр. Осылайша, 2028 жылы Целиноград ауданының тұрғындары толығымен табиғи газбен қамтылады.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ