ДИКТОР: Көкшетауда спорттық каратэден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл ауқымды жарысқа еліміздің әр түкпірінен 7 команда қатысып, татамиде өз шеберліктерін сынға салды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жарысқа қатысушылардың жас ерекшеліктері де әртүрлі. Ең кішкентай қатысушының жасы 5 те, ал ең үлкені 55 жастағы тәжірибелі спортшы. Бұл көрсеткіш спорттың барлық жас тобы мен деңгейіне арналғанын айғақтайды. Әр спортшы жасына қарамастан, өз өнерін жоғары деңгейде көрсетуге тырысып, қатаң бәсекеде үздіктер қатарынан орын алуға ұмтылды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: РУСЛАН ДҮКЕМБАЕВ, ҚР СПОРТТЫҚ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Чемпионатқа Қазақстанның жеті аймағынан командалар келген. Астана қаласы, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және жергілікті Ақмола облыстары. Ақмола облысынан жалпы 82 спортшы қатысып отыр. Барлық қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін бар күштерін салуда.

РКС: Сондай-ақ, чемпионатқа Қазақстаннан бөлек, көрші Ресейдің Стерлитамак қаласынан келген команда да жарыста белсенділік танытты. Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасудың маңыздылығын көрсетіп, бәсекелестіктің деңгейін арттыра түсті.

СНХ: МАРГАРИТА ЗАТАЛОКИНА, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: Мен Башқұртстан Республикасынан келдім. Жасым 9-да. Каратэмен айналысып келе жатқаныма 4 жыл болды. Өз елімде осы спорт түрінен талай рет жеңіске жеткенмін. 22 медалім бар. Болашақта каратэден жаттықтырушы болсам деп армандаймын

СНХ: НҰРИСЛАМ СОВЕТ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: Мен сегіз жастан каратэге барамын. Бүгін мен республикалық чемпионатқа Көкшетаудың намысын қорғауға кедім. Мен өзім осыған дейін Қазақстан Чемпионатына қатыстым, онда екінші орын алдым. Облыстық жарыстарға да қатыстым. Каратемен айналысып келе жатқаныма екі жыл болды.

РКС: Сайыс қорытындысы бойынша командалық есепте Батыс Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанып, үшінші орынға тұрақтады. Екінші орынды Қостанай облысының құрама командасы иеленді. Ал Ақмола облысының спортшылары жалпы есепте алға шығып, алтын медальды еншіледі. Алдағы жылға арналған жарыс күнтізбесінде көптеген маңызды жарыс жоспарланған. Бұл чемпионат спортшылар үшін ерекше дайындық кезеңі,- дейді жаттықтырушылар.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ