ДИКТОР: Әдебиет және өнер музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, суретші, монументші Қанапия Оспановтың «Өзім туралы» атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды.

РКС: Қанапия Оспанов – Зеренді ауданына қарасты Қараөткел ауылының тумасы. Қазақ бейнелеу өнеріне ұлттық темперамент пен дәстүрді шеберлікпен үйлестіре білген қылқалам шебері. Суретші шығармаларында ұлттық тұлғалар мен көркем бейнелерді жиі көрсетіп, сонымен қатар монументалды шығармашылықпен де айналысып жүрген тұлға. Сурет салуға деген қызығушылығы әскер қатарында жүрген кезінен басталған. Сол сәттен бастап сурет өнері оның өмірлік серігіне айналған.

СНХ: ҚАНАФИЯ ОСПАНОВ, ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Өзімнің кәсіпкерлік білімімді, өнерімді осы еліме арнап, қаншама жұмыстар, ана бейнесі мынау, қазақтың данышпан біртуарларының бейнесі сосын жаңағы Құлагердің бейнесі барлығы есімде, тарих қой қазақтың. Соған арнап жұмыстар орындадым. Өнерім мені жетектеп жүр. Жеті ордень медальдар мен көрме аштым 7 рет. Жүргеновте 44 жыл сабақ бердім.

РКС: Іс-шараға Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері қатысып, ағамыздың шығармашылығына бағасын берді.

СНХ: ИБРАГИМ ИСА, ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бүгін біздің Көкшетау өңірінде үлкен, тарихи, өнер жолындағы атамыздың еңбегін көріп, өте қуанышты болып отырмыз. Бүгін Мұхаммедқанафия Оспанұлы ақсақалдың кескіндемелерін көріп, графика, акварель жұмыстарын көріп нағыз қылқалам батыры екенін көріп отырмыз. Себебін айтсақ, бұл өзі қылқалам арқылы ағамыздың жаңағы көп композициялы туындыларын көрдік. Енді бұл жерде айтып кететін осы кісі осы жасқа келгеннің өзінде елім, жерім деп Көкшетауға өзінің шашуын әкеліп отыр. Біз өте қуаныштымыз.

РКС: Экспозициядағы портреттік және символикалық суреттерде ұлттық мәдениеттің негізгі белгілері – жылқы образы, батырлар мен ақындар бейнесі, жорық көріністері мен дәстүрлі өрнектер шебер тоғыстырылған. Әр картина геометриялық пішіндер мен жылы түстер үйлесім тауып, көрерменге заманауи көркем тәсілдер арқылы ұлттық дүниетанымды жаңаша түсінуге мүмкіндік береді.

СНХ: НҰРБЕК НҰРАЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Енді біздің міндетіміз сол көрмедегі туындыларды елге, Көкшетау жұртшылығына, баршасына, студенттерге, оқушыларға, қала тұрғындарына насихаттау, көрсету енді. Сондықтан бүгінгі көрме бір үлкен сондай биік белеске жеткен суретші Мұхаммедқанафия атамыздың өнерін дарықтау біз үшін үлкен бақыт.

РКС: Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова суретшіні облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Бұл құрмет оның өнер жолындағы қажырлы еңбегінің, шығармашылық шеберлігінің жоғары бағаланғанының айқын дәлелі. Бұл көрме бір ай бойы музейде көрермен назарына ұсынылмақ.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ