ДИКТОР: Тәуелсіздік - елдіктің ең асыл мұраты, бірлік пен татулықтың мызғымас тұғыры. Осы айтулы мереке қарсаңында Көкшетауда қоғамдық келісім мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған тағылымды дөңгелек үстел өтті. Кездесуде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы, бейбіт даму философиясы және жас ұрпақтың ел болашағындағы тарихи жауапкершілігі талқыланды.
РКС: Жиынға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, мәслихат депутаттары, ардагерлер, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Қатысушылар Тәуелсіз Қазақстанның тарихи жолына тоқталып, ел дамуының берік негізі саналатын қоғамдық келісім мен этносаралық татулықтың маңызын атап өтті.
СНХ: ВЕРОНИКА АНТИПОВА, «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ОРЫС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі жастардың өмірі алдыңғы буын өкілдерінің өмірінен өзгеше. Қазіргі уақытта біз тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенім жағдайында өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерге көз жүгіртсек, Волонтерлер жылы жастардың ел көлемінде бір мақсатқа жұмыла алатынын көрсетті. Бүгінде көптеген ұйымдар цифрландыру үдерісіне бет бұрып отыр, ал жастар бұл бағытта белсенді үлес қосуда.
РКС: Жиын барысында ұрпақтар сабақтастығы, жастардың азаматтық белсенділігі және жалпыұлттық құндылықтарды сақтау мәселесіне айырықша мән берілді. Қатысушылар жас буынның білімді, жауапты әрі елжанды болуы – мемлекеттің баянды болашағының басты шарты екенін атап өтті.
СНХ: ӘЛИЖАН ЖЫЛҚЫБАЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ: Мен азаматтық қорғау органдарында қызмет ететін жас маманмын. Кездесу барысында өз өмір жолыммен бөлістім. Туған жерім, КТИ-ге оқуға түсуім, білімімді аяқтаған соң Көкшетау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасына қызметке орналасуым туралы баяндадым.
РКС: Тәуелсіздік - бейбіт өмір мен қоғамдық келісімнің темірқазығы. Ал осы құндылықтарды сақтау мен нығайту - ең алдымен жас ұрпақтың қолында. Осындай мазмұнды кездесулер жастардың елге деген жауапкершілігін арттырып, ортақ мақсатқа ұйысуына жол ашатыны сөзсіз.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ