ДИКТОР: Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Көкшетау қалалық қазақ үлгілі кітапханасында «Я рождён в Казахстане» кітабының таныстырылымы өтті. Кештің басты кейіпкері Виктор Осипов оқырман қауымға әр жылдары жазған өлеңдерін ұсынды. Ақынның туындылары Қазақстанның кең-байтақ даласына, асқақ табиғатына, тамыры терең тарихына, еңбекқор адамдары мен көрікті қалаларына арналған. Жинаққа енген әр өлеңде автордың туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, жүрегінде тербелген нәзік сезімдері мен толқынысты эмоциялары көрініс табады.

ШУМ: В славном месте под солнцем, в преддверии гор. Город мой – лучший город земли. Детство, юность, казахские сопки и степи. Бесконечный простор, грань просторных небес, радость первых побед, запах Родины терпкий.

РКС: Өлеңдер жинағында ақын өзінің өмірлік бай тәжірибесіне сүйеніп, Қазақстандағы көзбен көргені мен көңілге түйгенін жырлайды. Виктор Осипов елімізді көп аралап, әр өңірдің адамымен тілдескен. Әсіресе оның қазақ жеріне деген ілтипаты бөлек. Жусан иісі аңқыған, ұшы-қиырына көз жетпейтін жазира дала, көк аспан, Көкшетаудың орманды қырқалары, Алматының асқақ таулары – мұның барлығы оның жүрегінен терең орын алған.

СНХ: ВИКТОР ОСИПОВ, КІТАПТЫҢ АВТОРЫ: Мен көзіммен көргенімді жүрегіммен жаздым. Қалай шықты, оған оқырман баға береді. Мен үшін бұл жинақты жарыққа шығару қиынға соқты десем де болады, бірақ мен тырысып бақтым. Қазіргі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Егер оқырман өлеңнің атмосферасына еніп, «Бұл өлең мен туралы» десе, мен үшін одан үлкен марапат жоқ.

РКС: Виктор Осипов Қазақстанның ұлттық колоритін 20 жылдан астам өз өлеңдеріне арқау етіп келеді. Қазір Ресейде тұрады. Бірақ, туған жері Қазақстанға деген өшпес махаббатын қағаз бетіне өлең етіп түсірді. Осылайша туынды жарыққа шықты. Кітаптың таныстырылымына автор поэзиясының дамуына үлес қосқан жандар, сондай-ақ студенттер мен шығармашыл тұлғалар қатысты.

СНХ: ДАНА ЖАНТЕМІРОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жалпы Виктормен біз бірнеше жылдан бері таныспыз. Бұл кісінің ерекше ақындық шығармашылығы, өзіндік мынау біздің Көкшетаудың табиғатына және Көкшетаудың мінезіне сай болып, біріншіден мынау табиғаттың көркемдігі. Екіншіден бұл ерекше бір, бір қарағанда қарапайымдылық. Және сонымен қатар мынау халыққа ерекше жақындығымен ерекшелене түседі деп айтуға болады.

РКС: Ақынның 600-ден астам өлеңі бар. Виктор Осиповтың жыр жолдары қазақ тіліне де аударылған.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.