ДИКТОР: Қазақ даласын әнімен тербеген, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына «Шәмші әндері» фестивалі өтті. Облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастырған шараға аудан, қалалардағы ардагарлер ұйымы мен этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары қатысты. Фестиваль соңында ардагерлер хоры, вокалдық топ және жеке орындаушы бағыты бойынша өнерпаздар марапатталды.

РКС: «Қазақ вальсінің королі» атанған композитордың 300-ге жуық туындысы қазақ музыкасының алтын қорында сақтаулы. Лирикаға толы әндерімен халықтың жүрегіне жол таба білген сазгер. Бұл жолғы фестивальге қатысқандардың бәрі кезінде сазгердің әнімен махаббат толқынында қалықтап өскен аға буын өкілдері.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ГҮЛНӘР ЕСЖАНОВА, «АҚ ДАРИҒА» ВОКАЛДЫҚ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ (БУРАБАЙ АУДАНЫ): Осы тойға ән шырқайық деп келіп отырмыз. Жас ұрпаққа үлгі көрсетеміз деп Кенесары ауылында «Ақ дариға» деген әжелер вокалдық тобы ашылған. Сол әжелер вокалдық тобы 5 жылдан бері өнер көрсетіп жатырмыз. Еліміз өркендей берсін.

РКС: Шараға аудандардан және Қосшы мен Көкшетау қалаларынан 200-ден астам әуесқой ардагер өнерпаз қатысты. Осылайша вокалдық 6 топ, 10 хор ұжымы және 8 жеке орындаушы өнер көрсетті. Қатысушылардың арасында үлкен сахнаға алғаш рет шыққан топтар да болды.

СНХ: ТАБИҒАТ МАЙЫЛХАН, «АСЫЛ ДАРИЯ» ВОКАЛДЫҚ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ (БІРЖАН САЛ АУДАНЫ): Мұндай үлкен сахнада апаларым 1-ші рет өнер көрсетіп тұр. Мықты-мықты ата-әжелер келген екен. Сол кісілермен таласып өнер көрсетіп жатырмыз. Ол кісілердің деңгейі өте жоғары. Халық атағын алған ансамбльдер бар арасында. Біз үшін үлкен бақыт осындай апаларымыздың арасында өнер көрсетіп жатқанымызға.

РКС: Көкшетаудағы «Шаңырақ» хор ұжымы республикалық ән байқауларының талай жеңімпазы атанған. Өнер ұжымы жақында Ақтөбе қаласында өткен республикалық байқаудан да жүлделі оралыпты. Алдағы уақытта хордың құрамын ұлғайтуға ниетті.

СНХ: ЫРЫСЖАН МҰСТАФИНА, «ДОСТАР» МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҢЫРАҚ» ВОКАЛДЫҚ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ: «Шаңырақ» тобы республикалық конкурстың лауреаты. Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орындайтын әніміз «Кешікпей келем деп-ең». Жақсы деп ойлаймыз. Осы хорды ұлғайтып халықтық атақ алуға тырысып жатырмыз.

РКС: Шәмші Қалдаяқовтың әндері ел жүрегінен әлдеқашан лайықты орнын алып үлгерген. Талай ұрпақ вальс королінің әнімен өсті. Өскелең ұрпаққа мұра болып келе жатқан шығармаларды сахна төрінде орындаған ардагер өнерпаздар фестиваль соңында облыстық ардагерлер кеңесінің дипломдарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

ИНТЕРШУМ:

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ