ДИКТОР: Өңірде әскери қызметке деген қызығушылықтың артып келе жатқанын байқауға болады. Соңғы жылдары әскер қатарына өз еркімен баруға ниет білдірушілер саны артты. Мамандар мұны әлеуметтік қолдау шаралары мен әскери қызметтің маңызын түсіндіру жұмыстарының нәтижесі деп отыр.

РКС: Әскери-патриоттық тәрбие аясында облыста оқушылар үшін жыл сайын шамамен 15 іс-шара өткізіледі.

СНХ: ЖАСЛАН ҚАЖКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУ ТОБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Кәсіби бағдарлау жоспарына сәйкес аймақтың әскери басқару органдары барлық арнайы оқу орындарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Бұл шаралар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ведомствосына қарасты жоғары әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірушілерді анықтауға бағытталған. Облыста осындай 4 оқу орны және техникалық орта арнайы білім бағдарламасын жүзеге асыратын шамамен 3 колледж бар.

РКС: Өңірде әскери оқу орындарына оқуға түсетін жастардың саны 30 пайыз артты. Бүгінде облыс мектептерде шамамен 18 мың оқушы бастапқы әскери-техникалық дайындық пәнін оқып жатыр. Сондай-ақ, жастардың ардагерлермен кездесулері де тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. Бұл олардың әскери қызметке қызығушылығын арттырып, мамандық таңдауда бағыт береді.

СНХ: АЙДОС ӘБІЛТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Қазір Қарулы Күштер ардагерлері, сонымен қатар Ауған соғысының ардагерлері, Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері атсалысуда. Бұл жергілікті атқару органдарымен бірлесіп, 2025 жылы көптеген іс-шаралар атқарылды. Оның ішінде дөңгелек үстелдер, семинарлар. Қазіргі уақытта мектеп оқушыларымен көптеген іс-шаралар атқарылады. Әсіресе ұлттық тәрбие, еліміздің болашағы, әскерге бару бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

РКС: Биыл «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға бірқатар түзетулер енгізілді. Енді тереңдетілген даярлықтан өткен «Жас сарбаздар» мен «Жас айбындар» мерзімді әскери қызметті өтпей-ақ, әскери кафедрада немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери қызметке қабылданады. Бұл жаңашылдық жастарға әскери дайындықты ертерек бастауға жол ашып отыр.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ