ДИКТОР: Жыл басынан бері өңірде интернет алаяқтықтың бір мыңнан астам дерегі тіркелген. Қылмыс санын азайту мақсатында облыстық полиция департаменті тұрғындар арасында тұрақты түрде алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

РКС: Алаяқтар арам пиғылын іске асыру үшін алдап-арбаудың сан алуан тәсілін қолданады. Көбіне өздерін банк қызметкері немесе байланыс операторы ретінде таныстырып, асығыс әрекет етуге итермелейді. «Шотыңызда күмәнді операция», «Сіздің атыңызға несие рәсімделді» деген үрейлі сөздермен адамның ойын тұмандатады. Психологиялық қысымға түскен кейбір тұрғындар жеке деректерін өздері айтып, ақшаларын алаяқтардың қолына беріп жатқан жағдайлар да аз емес.

БЛИЦ-САУАЛНАМА: Мне вовремя пришло оповещение, что на меня оформили кредит на 2 млн, я никогда такой кредит не брала. Ты как под гипнозом слушаешь их, у него еще голос такой был монотонный, и вы знаете как под гипнозом. А тут мои сотрудники говорят, ты что делаешь, забрали телефон и сказали бегом идти быстро в банк. Я сходила и они отмену дали.

- Вписал свои данные, через 10 минут забрали деньги, где человек, как не знаю. Через интернет сказали вот так, вот так. Потом позвонили ещё раз, минут 15 говорили, говорили, говорили, и я данные отдал. 50 тысяч отдал, не хорошо это было.

- Бывало, что звонили с неизвестных номеров предполагаемые мошенники. Они спрашивают под рукой ли карта банковская, потом начинают подводить к тому, что якобы были совершены подозрительные действия, они хотят помочь защитить, но для этого нужны какие-то данные и так далее.

- Насчет Beeline обычно спрашивают, номер, насчет интернета, потом я смотрю по Getcontact, пишут мошенники Beeline. Вообще незнакомые номера не беру.

РКС: Интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері тұрғындармен тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Сонымен қатар өңірде антифрод жүйесі де белсенді қолданылуда.

СНХ: ЕРМЕК МАНАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: «eGov» қосымшасын пайдаланып, өңір тұрғындары мен қонақтарына банк несиесінен мерзімсіз бас тарту жолдарын түсіндіреміз. Бұл бойынша нақты алгоритм бар, бейнероликтерді қазақ және орыс тілдерінде таратамыз. Бүгінде Kaspi қосымшасында сенімді нөмір орнату мүмкіндігі бар. Балалары ата-анасының қосымшасына осы нөмірді енгізе алады. Сенімді нөмір дегеніміз – ата-ана қандай да бір соманы аударған жағдайда, хабарлама бірден балаларына келеді. Осылайша балалар ата-анасымен жедел байланысып, қандай сома және қайда аударылғанын анықтай алады.

РКС: Мамандардың айтуынша, интернет алаяқтық деректері азайғанымен, қауіп сейілген жоқ. Құзырлы органдар тұрғындарға кез келген күмәнді ақпаратты міндетті түрде тексеріп, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеуге кеңес береді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ