ДИКТОР: Көкшетауда жылу-электр орталығының құрылысына қатысты кезекті жиын өтті. Облыс басшылығы мен «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының өкілдері жұмыс жоспарын талқылады. Атап айтсақ, кеңес барысында жобалау және бірінші кезекте салынуы тиіс нысандардың құрылыс кезеңдеріне қатысты барлық мәселе жан-жақты зерделенді. Бұдан бөлек, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының өкілдері жылу-электр орталығы орналасатын аумаққа барып, жергілікті жерде атқарылатын жұмыстардың барысымен танысты. Олар бас жоспарды және аумақтың жағдайлық сызбаларын қарап шықты.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Осы бірігіп жасаған жұмыстың бүгінгі нәтижесі, бастамасы. Соның биыл бастап кетеміз. Енді ол да жақсы. Халыққа да. Бұл құрылысты бастайды. Сондықтан бұл көңілден шығатын бір іс-шара. Экологиялық талаптарын бәрін сақтайды. Қазіргі заманауи әлемде теңдесі жоқ технологиялар алатын Қазақстанда ең тұңғыш осылай жылыту орталығы. Халыққа Ақмола облысы Көкшетау қаласының тұрғындарына өте бір қуанышты жағдай өйткені біраз уайым болған. Кім салады, қалай салады, қалай жабдықталады. Енді қазір сондай шешім қабылданып Теқ қана әлемдегі ең озық технологиямен саланатын үлкен ТЭЦ болайын деп тұр. Трубасынан шыққан түтіні газбен жаққандай төмен болады. Ол өте жақсы, халыққа жақсы. Біздің мынандай көркем сұлу табиғатымызды бүлдірмейтін жағдай.

СНХ: АЗАМАТ ЖҮСІПОВ, "КӨКШЕТАУГИДРОГЕОЛОГИЯ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАС ГИДРОГЕОЛОГЫ: Қазір бұл учаске бойынша ешқандай зерттеу жүргізілмеген, сәйкесінше деректер де жоқ. Сондықтан бірінші кезектегі міндет — аумақты алдын ала зерттеп, топырақтың түрін, жер асты суларының деңгейін және олардың іргетасқа ықтимал әсерін анықтау қажет. Осы мақсатта геологиялық барлау жүргізіліп, топырақ құрамын тексеру үшін 20 метр тереңдікте үш ұңғыма бұрғыланады. Сонымен қатар, учаскенің нақты шекарасын белгілеу үшін топографиялық түсірілім жасалады. Алынған барлық мәлімет жобалау ұйымына тапсырылады. Зертханалық талдау мен деректерді өңдеуді қоса есептегенде шамамен 2 ай уақыт керек. Кейін ғимараттар мен құрылыстардың нақты орналасуы туралы ақпарат бізге берілгеннен кейін нақты түсірілім жүргізіледі.