ДИКТОР: Облыстық білім басқармасы жанындағы психологиялық қолдау орталығы былтыр 1 мыңнан астам адамға көмек көрсеткен. Олардың басым бөлігі — балалар мен жасөспірімдер. Бетпе-бет және онлайн форматтағы консультациялар арқылы орталық мамандары күйзеліс, зорлық-зомбылық, аутодеструктивті мінез-құлық сияқты күрделі мәселелерді шешуге жәрдемдесіп келеді.
РКС: Орталық бойынша 30-ға жуық маман жұмыс істейді. Жыл басынан бері 100-ден астам вебинар, 50-ге жуық семинар ұйымдастырылып, 3 мыңнан аса маман қамтылған.
СНХ: САЙРАН ШӨКІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Осы күнге дейінгі жеке және онлайн консультацияларға келіп түскен өтініштердің жалпы саны: 1000 астам, оның ішінде бетпе-бет консультациялар саны- 600-ден асса, ал онлайн-консультациялар – 500 жуық. Өтініш берушілердің жас ерекшелігі: Балалар мен жасөспірімдер жалпы саны 717 адам өтініш берді. Ересектер жас аралығы 26–59 жас. Өтініш саны 320. Қарт адамдардан 43 өтініш түсті. Өтініш берушілердің гендерлік құрамы: Ер адамдар: 200-ден астам. Әйел адамдар: 900ге жуық. Өтініштер тақырыптары:Тұлғааралық қатынастар. Отбасындағы жанжалдар. Басқалармен қарым-қатысна қиыншылықтары.
РКС: Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы өзекті мәселенің бірі - суицидтік әрекет және зорлық-зомбылық,-дейді орталық мамандары. Бүгінде осыған қатысты 11 жағдай бойынша облыстық психикалық денсаулық орталығына жолданса, 50-ден астам жасөспірім консультация алуға келді.
ИНТЕРШУМ: Вы сказали около 1000 звонков, да по телефону доверия на что жалуются дети в основном?
- Оснавная масса жалуется на то что недопонимание со стороны родителей, сос стороны взрослых. Оснавная масса так идет.Детское-родительское отношение.
В какой степени обоснованы эти жалобы?
-Все случае из 1000 около 70 случае, мы сороваждаем. 50 они к нам обращаются из соседних сел, у тех у кого не возможности мысопроваждаем онлайн. То есть они все нуждаются в сопроваждении.
РКС: Айта кетейік, былтыр қыркүйек айынан бастап облыстың 64 мектебі мен екі колледжінде «HR+» психологиялық-педагогикалық мониторингінің автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Бұл жүйе балалардың психологиялық жай-күйін ерте анықтап, оларға дер кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, орталық бірнеше ұйыммен ынтымақтастық орнатып, «Шанс» әлеуметтік орталығымен меморандумға қол қойды. Халықаралық деңгейде де жұмыс жүргізілуде, атап айтсақ, Максим Танк атындағы Беларусия мемлекеттік педагогикалық университетімен тығыз байланыс орнатылған. Бұл жобалар мен бастамалар балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын қорғауға, олардың мінез-құлқын жақсартуға және әлеуметтік ортада үйлесімді дамуына мүмкіндік бермек.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ