ДИКТОР: Көкшетаудағы "Оқжетпес" спорт кешенінде өткен жасөспірім боксшылар арасындағы Кеңес Одағының Батыры, Академик Мәлік Ғабдуллинді еске алуға арналған дәстүрлі турнирде мықтылар жүлдегер және жеңімпаз атанды.

РКС: Финалдық кездесулерге 19 жұп боксшы шықты. Олардың үшеуі бұрымды спортшылар. Әрбірінің жеңіске деген жігері бірден сезіліп тұрды. Қарсыласына бірнеше соққы дарытып, көп ұпай жинаған қыздар жеңіске жетті.

ИНТЕРШУМ:

STEND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Финалда ең мықтылар кездесті.

РКС: Әр салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан үміткерлердің осалы жоқ. Олар батыр атындағы турнирдің алты медалінен үмітті. Солардың бірі 54 келі салмақа сынға түскен Ернұр Қасымов жеңістің биік тұғырына көтерілді.

СНХ: ЕРНҰР ҚАСЫМОВ, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ: Екі кездесу өткіздім. Финалда досым әрі қарсыласым Әкертаев Мадияр жарақат алып, жеңіс маған берілді. Алда бірнеше жауапты жарыстар бар. Оған бапкерім Дастан Сахи екеуіміз мықтап дайындаламыз.

СНХ: ШЕРӘЛІ ТӘНІРБЕРГЕН, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ:

РКС: Осымен 20-шы мәрте өткен Мәлік Ғабдуллин турнирі бұқаралық сипатқа ие болды. Оның географиялық ауқымы да кеңейді.

СНХ: ТЕМІРТАС ЖҮСІПОВ, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: Жастарға ақыл-кеңесін айтады

СНХ: БАУЫРЖАН СЕРІК, ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Батыр атындағы турнирді өткізуге облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы қол ұшын созды. Спорт жанашырларына да алғысымыз шексіз. Мәлік Ғабдуллин музейі арнайы жүлделер берді. Төрешілер әділ қазылық жасады.

РКС: Жеңіс күні қарсаңында жалауын түсірген Мәлік Ғабдуллин турнирі жасөспірім боксшыларды жігерлендіріп, тәжірибелерін шыңдай түсті.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.