ДИКТОР: Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы Жеңістің 80 жылдығына орай «Соңғы хат» драмалық қойылымының премьерасын көрермен назарына ұсынды. Сахна төрінде соғыс жылдарындағы қарапайым адамдардың тағдыры, сұрапыл соғыстың адам жүрегіне салған жарасы, сағыныш пен үмітке толы хаттар, ерлікпен қаза тапқан батыр бабалар рухына деген тағзым терең бейнеленеді. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Қойылымның сценарйін жазған — Манарбек Қыдырбай, ал қоюшы режиссері — белгілі театр қайраткері Медет Хамзин. Спектакль барысында майдан даласынан жеткен қаралы хаттар оқылып, соғыс жылдарындағы әсерлі әндер орындалды.
СНХ:МАНАРБЕК ҚЫДЫРБАЙ, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ: Қойылымның негізгі желісі өмірде болған оқиғалардан алына отырып, ұсынылып отыр. Көрерменге жақсы ой салады деген ойдамыз. Бебйіт заманның қадір-қасиетін үйретеді деп ойлаймыз. Бұл жерде соғыс жылдарында жазылған хаттарды жинақтадық, кітаптардан соғыс тақырыбындағы., әлеуметтік желілерден, сайттардан. Басты рольдегі Қайрат Мырзаболатов,немересімен бірге жүріп, соғыс жылдарындағы өзінің басынан кешкен оқиғаларын есіне түсіреді. Сол кісінің ойы арқылы оқиға өрбіп отырады.
РКС: Архивтік хаттарға негізделген қойылым жан тебірентер әндермен астаса отырып, көрерменге соғыс жылдарының ауыр рухын, тарихи шындық пен адам жанының терең толғанысын сезіндірді.
СНХ: АЙТАН ЖЫЛҚЫБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгінгі қойылым ерекше. Бейбітшілік болсын! Тыныштық болсын! Отан-оттан да ыстық. Сондықтан біздің осы жеріміздің бүкіл әлемге мәртебесі аса берсін! Осындай қойылымдар көп болсын!
СНХ: ӘЛИМА ЗӘКЕНҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Сондай керемет әсер етті өзіме. Көз алдымда әкем, шешем, сол заманды есіме салғандай. Біз соғыстан кейін туған баламыз. Сонда да бала кезімізден соғыс туралы көп еститінбіз. Әкем екі соғыста болған. Екі соғыстан тірі келді. Ол кісілер енді ерекше адамдар ғой. Бүгінгі көрме сол аунатып түсіргендей, өзім риза болып тұрмын. Жыладық та, күлдік те. Көптен көп рахмет.
РКС: «Соңғы хат» — тек сахналық көрініс емес, ол жүректен шыққан сағыныш, майдан даласынан жолданған үміт пен сырға толы хаттардың өмірге айналған көрінісі. Бұл қойылым арқылы көрермендер тек өткенді еске түсіріп қана қоймай, бабаларымыздың ерлігі мен жанқиярлығын терең сезінді.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ