ДИКТОР: Жастар – қоғамның қозғаушы күші ғана емес, елдің тірегі, мемлекеттің белсенді мүшесі. Бүгінгі таңда тәуелсіз елдің жалынды жастарына мемлекет тарапынан жыл сайын барынша қолдау көрсетіп, түрлі бағдарламалар жүзеге асуда. Осы орайда, әскери қызмет өткерген жастар мен әскери міндеттілерді жұмысқа орналастыруға бағытталған «Елге қызмет - абыройлы міндет» жобасын, сондай-ақ, «Заң және тәртіп» тақырыбын талқылауға арналған дөңгелек үстел басындағы кездесу өтті.

РКС: Іс-шараға ішкі істер құрылымдарының, әскери оқу орындары мен әскери бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ міндетті борышын өтеген, одан әрі өмірін кәсіби салада көргісі келетін жастар мен колледж студенттері қатысты.

СНХ: ОМАР ШОНАЗАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Кездесу барысында өңір жастарын, студенттерді қолдау мақсатында жүзеге асырылып жатқан барлық жобаны талқыладық. Әрине, бүгінгі күні ауқымды жобаның бірі - «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы жүзеге асуда. Осы орайда біз студенттерге жазғы кезеңде және оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға байланысты барлық көмекті көрсетіп отырмыз. Сондай-ақ, ауыл жастарының түрлі жоғары оқу орындарына түсіп, жұмысқа орналасуына да қолдау көрсетеміз.

РКС: Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, жауап алды. Арнайы шақырылған қонақтар жастардың кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыру бағытында түрлі тақырыпты қозғады. Сапалы білім алуға деген ұмтылысын оятып, бағыт-бағдар берді.

СНХ: ШЫҢҒЫСХАН ЕЛЕШ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Біз жастармен күнделікті осындай кездесулер, лекциялар, форумдар мектептер мен коллдждерде жиі өткізіп тұрамыз. Және де жастар арасындағы құқықбұзушылықтарды алдын алу мақсатында осындай іс-шараларды ұйымдастырып тұрамыз. Жастар - біздің болашағымыз. Біз жастарға сенеміз.

РКС: Заманауи өзгерістер мен мүмкіндіктерді барлық жас дұрыс пайдалана алса, бәсекеге қабілетті, ел сенімін ақтайтын дарынды, дара тұлға болып қалыптасатыны сөзсіз. Шара соңында қонақтар мен жастар естелік суретке түсті.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ