ДИКТОР: Жеңістің 80 жылдығына арналған тағы бір ауқымды шара Бұланды ауданында ұйымдастырылды. «Ұлы Жеңіс – ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты аймақтық ән байқауы өтті. Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 23 қатысушы өз өнерімен көрерменнің жүрегін тебірентіп, Жеңіске деген құрметін әнмен жеткізді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ән додасына Қосшы қаласы, Астрахан, Зеренді, Целиноград, Шортанды, Жарқайың, Жақсы, Атбасар, Ақкөл аудандарынан жезтаңдай әншілер қатысты. Байқау жас буынның елге деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани тәрбие берудегі орны ерекше.
СНХ: ӘЛІШЕР КЕНЖЕҒАЛИЕВ, БҰЛАНДЫ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Байқаудың басты мақсаты - қазіргі жас өскелең ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, ата-бабаларымыздың ерлігін, қан-майданда шайқасқан жан қиярлық ерліктерін паш ету, ұмыттырмау. Байқауға Ақмола облысы бойынша 12 аудан қатысып отыр. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз.
РКС: Байқау шарты бойынша әр қатысушы соғыс жылдарының әндері, Қазақстан композиторларының соғыс, қаҺармандар мен ерліктері туралы патриоттық 1 әнді жанды дауыста орындауы қажет болды. Қатысушылардың өнерін білікті музыка майталмандарынан құралған қазылар алқасы бағалады. Әр орындаушы сахнада өнерін көрсету барысында ЛЕД-экранда сонау сұрапыл жылдардың жылнамасы ретінде бейнероликтер мен фильмдерден үзінділер ұсынып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
СНХ: АСЫЛБЕК ӘБЕНОВ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Әншілердің деңгейі өте жоғары. Репертуарда айтқан қазақша әндері, таңдалған әндері өте көңіл қоншытады. Аранжировкалары барлығы өңделген. Жүзден жүйрік дейді ғой, 23-тің ішінен 3 орын екен. Әрине өнерге баға беру қиын. Десек те, халықтың мына ниетімен, ілтипатымен бағалап, жүлде тағайындап отырмыз.
РКС: Байқау қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен, сонымен қатар көремен залының ерекше қошеметіне ие болған Целиноград ауданының өкілі Ермек Қасым жеңіске лайық деп танылды. Ол 200 мың теңгенің сертификатымен және арнайы дипломмен марапатталды. Ал, екінші орынға Жарқайың ауданының қатысушысы Ақтоты Сәдуақас ие болса, 3-орынды Атбасар ауданының әншісі Мария Зеленко еншіледі.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЕРМЕК ҚАСЫМ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ: Мен осы байқауға Целиноград ауданының атынан келіп отырмын. Негізі қазіргі уақытта, Целиноград ауданының мәдениет үйінде жұмыс жасаймын. Және де Астана қаласындағы Қорғаныс министірлігінің әскери оркестріндегі әншісімін. Бұл әрине менің ағашқы байқауым емес. Бүгінгі конкурс өте жоғары деңгейде өтті. Әріптестерім барлығы өте талантты болып шықты.
РКС: Айта кетейік, дәл осындай шара Біржан сал ауданында да ұйымдастырылды. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарды мәңгі есте сақтау және олардың рухына тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ