ДИКТОР: Көкшетауда үйдің аулаларында ақмолалық полиция қызметкерлерінің орындауындағы соғыс жылдарындағы әндер шырқалды. Жеке концерттерді ұйымдастыру дәстүрге айналған. Олар тыл еңбеккерлері, ішкі істер органдарының құрметті ардагерлері мен жесірлері үшін төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ, Жеңістің 80 жылдығына орай ішкі істер департаментінің басшылығы тыл еңбеккерлеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мерейтойлық медальдар табыс етті.
РКС: Бүгінде ақмолалық ішкі істер органдары ардагерлерінің қатарында 2 тыл еңбеккері қалды. Николай Сокирко мен Николай Митрофанов ғұмырын туған жерге адал қызмет етуге арнады. Әрбір ардагердің тәртіп сақшысы ретінде ондаған жылдық тәжірибесі бар. Лайықты демалыста олар жауынгерлік қабілеттері мен жаттығуларын жоғалтпайды. Майдангерлер полиция қызметкерлерінің орындауындағы шығармаларды ризашылықпен тыңдады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Полиция қызметкерлері Екінші дүниежүзілік соғыс және ішкі істер органдары ардагерлерінің жесірлеріне де ерекше құрмет көрсетті. Ксения Тюменцева өзінің жүз жылдық мерейтойында Жеңіс күнін тойлауға дайын. Соғыстан кейін күйеуі ішкі істер органдарының қылмыстық іздестіру бөлімінде жедел уәкіл болып қызметін жалғастырды. Бұл күні Ксения Петровнаға естелік медаль табыс етілді.
СНХ: КСЕНИЯ ТЮМЕНЦЕВА, СОҒЫС АРДАГЕРІ МЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ЖЕСІРІ: Біз өзіміз дүниеге келген, біз үшін ыстық мекен Қазақстанда тәту тәтті өмір сүріп жатырмыз. Осы жерде өсіп, өніп, білім алып, еңбек еттік. Мен 99 жасқа келдім, бірақ ешқашан қазақ жерінен қоныс аударғаным жоқ. Бар ғұмырымда осы үлкен үйде өмір сүрдім. Барлығына айтар алғысым шексіз. Біздің еліміздің халқы өте жақсы, өміріміз қиын болғанымен, бақытты ғұмыр кештік деп айта аламын.
РКС: Ішкі істер органдарында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерейтойының тағы бір дәстүрі қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі. Айта кету керек, Тәуелсіздік жылдарында 40 ақмолалық полиция қызметкері қылмыспен күресте жанын қиған. Салтанатты шараның басты қонақтары қаза болғандардың аналары мен жесірлері болды. Жиналғандар оларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
ШУМ:
РКС: Мемлекеттік мерекелерге орай Көкшетауда мінсіз қызметімен және адалдығымен ерекшеленген полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскерилері марапатталды. Салтанатты жиында ішкі істер органдары ардагерлерінің жас ұрпақтың тәрбиесіне қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Қонақтар мен департаменттің жеке құрамын бірінші басшы, полковник Нұрсұлтан Мұқашев құттықтады.
СНХ: НҰРСҰЛТАН МҰҚАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Бұл екі мереке ұрпақтар арасындағы байланысты және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын білдіреді. Әкелеріміз бен аталарымыздың батылдығы мен қайсарлығын үлгі ете отырып, жас ұрпақты Отан қорғаушыларға, заңдылық пен тәртіпке тәрбиелеудеміз. Қызметкерлер ерлікпен өткен дәуірдің даңқты дәстүрлерін сақтап, молайтады, заңдылық пен тәртіпті сақтау, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі қызметтік міндеттерін абыроймен атқаратын болады.
РКС: Қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды. Бірқатар тәртіп сақшыларына мерзімінен бұрын арнайы атақтар беріліп, оларға ведомстволық наградалар, медальдар, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді. Іс-шара кафедраның шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен жалғасты.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.