ДИКТОР: Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында Жеңістің 80 жылдығына арналған ерекше мазмұндағы әскери-патриоттық клубтар мен бірлестіктер жиыны өтті. Алтыншы ауысымның салтанатты ашылуына біздің түсірілім тобы да барып қайтты.

РКС: Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 288 баладан құралған 10 отряд бар. Шара барысында балалар Ұлы Отан соғысы жылдарының тарихи кезеңдерін еске түсіретін көріністер қойып, сұрапыл жылдардың ауыртпалығын шынайы жеткізе білді. Театрландырылған көріністер арқылы олар ата-бабаларымыздың ерлігін дәріптеп, Тәуелсіздіктің қадірін ұғындырды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: МӘЛИКА МАМЫРАЕВА, ДЕМАЛУШЫ: Мен "Балдәуренге" Астана қаласынан келдім. 9-шы отрядтың демалушысымын. Мектепте өте белсендімін. Жалпы ауысымда қатысушылар Қазақстанның әр өңірінен жиналған ең белсенді балалар. Патриоттық бағытта жұмыс атқаратын. Мысалы "Жас сарбаздар", кадеттік сыныптар және тағы басқалары.

СНХ: ДАРХАН МҰХСИМАТ, ДЕМАЛУШЫ: Бұл ауысымның негізгі мақсаты Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың еңбектерін және отан үшін төккен терін бағалау мақсатында болып жатыр. Мен бұл «Балдәуренге» Атырау облысының жас сарбаз әскери қозғалысының мүшесі болғаным үшін мені осы демалысқа жіберді. Негізгі ауысымның қатысушылары әскери-патриоттық клубтар мен бірлестіктердің өңірлік слеттердің жеңімпаз командалары мен жас сарбаз әскери патриоттық қозғалысының қатысушылары.

РКС: Орталық директоры Шоқан Оразалин барлық қатысушы мен арнайы келген қонақтарды Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, академия мүшелері мен жетекшілеріне алғыс хаттар табыстады.

СНХ: ШОҚАН ОРАЗАЛИН, «БАЛДАУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Еліміздің түкпір-түкпірінен келген біздің жас сарбаздарымыз, еліміздің нағыз патриоттары өздерінің оқуымен, өздерінің ізімен, өздерінің азаматтық ұстанымымен нағыз партиот екенін елін сүйетін, жерін сүйетін балалар екенін дәлелдеп осы қасиетті Бурабай жеріне келіп отыр. Сіздерге үлкен алғысымды айтамын. Ұстаздарыңызға, жіберіп отырған ата-аналарыңызға алғысымды айта отырып, үлкен жетістіктерге жетіп, еліміздің мықты азаматтары болуларыңызға тілектеспін.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Шараның мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор болғанын арнайы келген құрметті қонақтар да атап өтті. Балалардың тыңғылықты дайындығы, патриоттық рухпен сахнаға шығуы – бұл орталықтағы тәрбие жұмысының нәтижесі екені анық байқалды.

СНХ: ЖАНДОС ОСПАНОВ, Ш. БАЙБАТШАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ: "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығына Қазақстанның өңірлерінен келген жастар және осы академияның төрт филиалы қатысып отыр. Алматы, Жетісу облыстары, Түркістан, Қарағанды қарағанды қалаларынан. Өте жоғары деңгейде дайындықпен келген. Тарихымызды еске түсіріп, соғыстың қалай болғанын ашып берді деп ойлаймын.

РКС: Жиын соңында патриоттық әндер шырқалды. «Балдәурен» орталығында өткен бұл шара – тек мерекелік жиын ғана емес, өскелең ұрпаққа өткенді ұмытпай, болашаққа нық сеніммен беттеуге жол сілтейтін тағылым мектебі.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ