ДИКТОР: Өңірде Жеңістің 80 жылдығына орай 1500-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Бұл шаралардың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, аға буынмен рухани байланыс орнату және тарихи естеліктерді сақтау. Солардың бірі – «Ерлік сабақтары» деп аталатын тағылымды іс-шара. Мұнда мектеп оқушылары мен студенттерге еліміздің батырларының ерлігі, олардың жауынгерлік жолы мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі жайлы кеңінен баяндалды.
РКС: Отан соғысы жылдарында Ақмола облысынан майданға 83 мыңнан астам адам аттанған. Олардың тең жартысы ұрыс даласынан оралмады. Бүгінгі бейбіт заманда жастардың сол ерлікті ұмытпай, құрметтеуі аса маңызды. Ел тарихынан алынған сабақтар жас ұрпақтың тәуелсіз, демократиялық мемлекет құруына негіз болары сөзсіз.
СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Еліміздің болашағы – бұл жастар. Еліміздін Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Құрылтайда «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс» деген үлкен бір тұжырымдаманы бастап айтып кетті. Соны сол жастарға жеткізіп, өйткені адал еңбек етсен, адал табыс тапсан, елдің болашағы бұл елде барлық мүмкіндіктер жасалған. Мынау Азаматтық қорғаныс колледжінен бастап атқан, себебі бұлар ертең еліміздің қорғайтын азаматтар және төтенше жағдайлар жөнінде. Өткен жылы үлкен су апаты болды. Сонда бірінші қатарда жүрген кімдер? Осы азаматтық қорғаныс қызметінің адамдары. Ертеңгі қызметтері осындай, айналайындар. Ертең сендер елге осындай үлкен қызмет етесіндер. Соның жауапкершілік сезіңдер.
РКС: Іс-шараға көпсалалы жоғары азаматтық қорғаныс колледжінің жүзден астам студенті қатысты. Жалпы, бұл оқу орнында патриоттық бағыттағы іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді.
СНХ: РАУАН БОЛАТ, КӨПСАЛАЛЫ ЖОҒАРЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Отан қорғаушылар күні – бұл мерекеге өте көптеген біздің колледжінде ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша парадтарға, әскери дайындықтар көбінесе жүріп отыр. Біздің колледжде де көптеген дайындықтар, іс-шаралар. Бүгін мысалы ақсақалдар төрағасынан келіп, лекцияны жүргізді. Сонымен қатар жігіттер мейрамына қарай «Жігіт сұлтаны» деген іс-шарасы өтті. Бұл жақта әр жігіт өз бағын сынап көріп, кім мықты деген сияқты.
РКС: Алдағы уақытта ерлік сабақтары өңірдегі барлық мектептер мен колледждерде жалғасын табады. Бұл кездесулерде мемлекеттік тілдің маңыздылығы, ұлтаралық келісім, сондай-ақ адал еңбек пен ел дамуына қосар үлес сияқты маңызды мәселелер көтерілетін болады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ