ДИКТОР: Сандықтау ауданындағы Каменка орта мектебінде Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында бірнеше ашық сабақ өтіп, соғыс тақырыбында шығармалар жазылды.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Каменка ауылындағы соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш осыдан он жыл бұрын салынды...

РКС:Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішке келіп, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан аталарын еске алған мектеп оқушылары бір сәт тарих тылсымына терең бойлады. Олар осынау сәбилік сезімдерін өлең жолдарымен өрді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Каменка орта мектебінің музейінде ашық сабақ өткізілді. Білім ошағының басшысы соғысқа аттанған 300 аталарының 100-інің ғана аман оралғанын айтып, ерлікке тағзым етуге шақырды. Жеңіс қарсаңындағы осынау шараға жергілікті тұрғындар да қатысты.

СНХ: АЛЕКСЕЙ ДЖЕЙРАНОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ҰРПАҒЫ: Соғыс біздің халық үшін оңайға соққан жоқ. Кешегі кеңес одағының сан ұлт өкілдері Отанды қорғауға аттанды. Олар қолдарына қару алып, достықты, бірлікті, патриотизмді нық ұстанып, жеңіске жетті. Бабаларымыздың рухы асқақтай берсін.

РКС: Жергілікті мектептің оқушылары жеңістің оңайлықпен келмегендігін музейдегі мұрағаттардан, кинофильмдерден көріп, жүректеріне патриоттық сезім ұялатады.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ