ДИКТОР: Көкшетауда шағын футболдан ерекше турнир ұйымдастырылды. Жарыс алаңында № 6 мекемесінің қызметкерлері мен пробация қызметінде есепте тұрғандар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және қоныстану колонияда жазасын өтеп жатқандар. Турнир Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында түрлі жандарды спорт біріктірді. Іс-шара әлеуметтік бейімделу, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылды. Турнирге төрт команда қатысты. Ойындар әділ күрес пен спорттық бәсекелестік рухында өтті. Қатысушылар жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Жанкүйерлер нағыз мереке атмосферасын құра отырып, ойыншыларды қолдады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.