ДИКТОР: Аймақта ерекше балаларға қамқорлық тұрғысынан оң тенденция байқалады. Мамандандырылған жаңа балабақшалар мен мектептер ашылып жатыр. Ал инклюзия қолжетімді болуда. Бірақ, алға жылжушылық байқалғанымен, шешімі табылмай жатқан өзекті мәселе де баршылық. «Ерекше білім қажеттіліктері бар балаларды қолдау стратегиясы» тақырыбын арқау еткен дөңгелек үстел басындағы кездесуде бұл мәселе егжей-тегжейлі талқыланды. Аталған шара «Қазақстанның Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының бастамасымен өтті. асты.

РКС: Бұған дейін партия мүшелері облыстық денсаулық сақтау және білім басқармаларының инклюзия саласында атқарып жатқан жұмысына мониторинг жүргізген еді. Бұл шара соның қорытындысы бойынша өткізіліп отыр. Дөңгелек үстел барысында аутизм дертіне шалдыққан балаларға ерекше көңіл бөлінді. Егер психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия ұсыным берсе, қазір олар кәдімгі білім беру ұйымдарында оқи алады. Бұл ерекше балалардың қоғам өміріне толықтай қатысуына және әлеуметтік бейімделуіне жасалып отырған маңызды қадам. Десе де, инклюзивті ортадаға бірқатар мәселе де жоқ емес.

СНХ: ӘЛИЯ РАҚЫМБЕКОВА, «ЕРЕКШЕ ӨМІР» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Тьюторлармен мәселе бар. Олардың пайда болғаны әрине жақсы. Балалардың мектепке баруына мүмкіндік береді. Бұл жердегі мәселе облыс бойынша қосымша білім бар, ал қалада жоқ. Яғни аутизм диагнозы бар ерекше бала кез келген үйірмеге барып қатысудан шектелген. Өйткені, ондағылар бізде тиісті маман жоқ, сондықтан сіздің балаңыз бізде айналыса алмайды деп шығарып салады.

РКС: Кездесуде сондай-ақ аутизм спектрі бұзылған балалардың туысқандары да қатысты. Мәди Айтжанов осы дертке шалдыққан 18 жастағы немересін бағып отыр. Ол кәмелетке жасы толған ерекше балаларға облыста тиісті көңіл бөлінбей отырғанына қынжылады.

СНХ: МӘДИ АЙТЖАНОВ, ЕРЕКШЕ БАЛАНЫҢ АТАСЫ: Мұндай дертке шалдыққандар үшін қолдау көрсетуді сұрап, өз талабымызды қоя бастадық. Немеремді 20-шы мектепке орналастырды. Сабаққа бара бастады. Жасым болса 80-ге таяды. Көлікпен келдім, Бірдеңе болып қалса, қашан да жанынан табылам Күтіп отырам. Жарты сағаттай ғана отыруға шыдамы жетеді. Одан соң 5-10 минут оған жүру керек. Мектептегілер оны түсінбейді, қуып шығады. Үйде оқуға ауыстырды. Аптасына үш күн бір жарым сағаттан ғана. Қалған уақытта бала не істейді сонда?

РКС: Кездесу барысында мүгедектер арбасына таңылған балалардың ата-аналарынан да шағыпм көп түсетіні айтылды. Олар үшін мәдени шаралардың өткізілмейтініне назалы. Архитектуралық қолжетімділікке де көңілдері томайтындарын жеткізді. Кездесу нәтижесінде партия мүшелері инклюзия саласындағы түйткілді мәселелерге назар аударып, оларды шешуге ниетті екенін білдірді.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ