ДИКТОР: Көкшетауда мектеп оқушылары арасында білім саласының ардагері Қайрат Бекеновты еске алуға арналған облыстық ашық шахмат турнирі өтті. Жарысқа 200-ге жуық білім алушы қатысты. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Қайрат Бекенов 25 жылдан астам Зеренді ауданына қарасты Абай мектебінің директоры болып жұмыс істеген. Ширек ғасыр ішінде көптеген талантты оқушыны тәрбиелеп, жас мұғалімдерге тәлімгер болды. Облыстық шахмат турнирі 9-шы рет ұйымдастырылып жатыр. Турнирге Зеренді, Бұланды, Бурабай аудандарының, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысынан оқушылар қатысты.

СНХ: ӘСЕЛ ҚАЛЫМОВА, АРДАГЕРДІҢ ҚЫЗЫ: Турнирді ұйымдастыру идеясы әкемнің өмір бойы шахмат ойнағанынан бастау алады. Пандемия кезінде Зеренді ауданындағы ауыл балалары үшін осы спорт түрін дамыту идеясы пайда болды. Отбасымызбен шахмат кабинетін ашу туралы идея келді. Осылайша ұзақ жыл әкем басқарған мектепте аштық. Алғашқы 4 жыл турнирді Зеренді ауданы деңгейінде өткізіп жүрдік.

РКС: Турнир Швейцария жүйесі бойынша 1-11 сынып оқушылары арасында бес жас тобында өткізілді. Әр партияға 20 минут бөлінді. Осылайша жеке біріншілік өтті, ал қорытынды шығарылғаннан кейін жеңімпаз командалар анықталды.

СНХ: ӘДІЛЕТ ТАЛАСБЕКОВ, ҚАТЫСУШЫ /АЙЫРТАУ АУДАНЫ/: Мен шахматты 3-ші сыныптан бастап ойнаймын. Шахмат өте қызық ойын. Себебі шахматта адамдар ойланып, жеңіске ұмтылады. Және бұл ойын маған ұнайды. Мен осы ойында жеңіске жеттім.

РКС: Жүлделі 1-ші орынды үш алтын және бір күміс медальмен «Әулие» шахмат мектебінің командасы иеленді. Екінші орынға үш алтын және екі қола медальмен «Meyer system» мектебінің командасы жетті. Ал 3-ші орынды екі алтын, төрт күміс және екі қола медальмен №2 мектеп-лицейінің командасы иеленді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.