ДИКТОР: Облыста әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр. Соңғы жылдары елде әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған шаралар қабылдануда. Әскери қызметшілер үшін жағдайлар жақсарып, әлеуметтік кепілдіктер кеңейтілуде. Сондай-ақ қаржылық ынталандырудың жаңа түрлері де қарастырылған.

РКС: Көктемде 600-ге жуық ақмолалық әскер қатарына шақырылды. Оның ішінде 150-ден астам жас Қазақстан Республикасының шекара қызметіне жіберілді. 10 әскерге шақырылушы мемлекеттік күзет қызметінің қатарына қосылды. 400-ге жуық жас Қазақстанның Қарулы Күштерінің қатарында міндетті борышын өтеп жатыр. Науқан аяқталғанға дейін әскерге шақырылғандар санын мыңға дейін ұлғайту жоспарлануда. Былтырдан бастап мерзімді әскери қызметтің тартымдылығын арттыру үшін әскери қызметшілерді тегін оқыту және "Кредиттік каникул" мәселелері шешілді.

СНХ: ҚАНАТ ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әскери міндеті аяқталғаннан кейін "Срочник 2.0" бағдарламасы бар, онда әскери қызметші, егер жауынгерлік, физикалық және басқа қырынан да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізсе, онда ол сертификат иегері болады. Отан алдындағы борышын аяқтағаннан кейін жоғары оқу орнына емтихан тапсырмай-ақ, тегін, грант негізінде оқуға түсуге құқығы бар. 70 жоғары оқу орны мен Қорғаныс министрлігі арасында меморандумға қол қойылған. Екінші жеңілдік – мерзімді қызметке шақыру кезінде әскерге шақырылушыларға банктік қарыздар бойынша, 14 айға кредиттік демалыс беріледі. Ең тиімдісі, егер әскерге шақырылушының несиесі болса, ол 14 айға тоқтатылады. Яғни, ол 12 айға қызмет етеді, ал 2 ай жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.

РКС: Сонымен қатар, әскери қызметшілердің жалақысы екі кезеңде шамамен 50 процентке өседі. Қаңтар айынан бастап ол офицерлер құрамы үшін 20, қатардағы және сержанттық корпустар үшін 34 процентке көтерілді. Келер жылы офицерлер мен сержанттар құрамы үшін 20 процентке кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарлануда.

СНХ: ЕРБОЛАТ ӨТЕПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазір Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерге арналған тұрғын үй төлемдері жүйесі де жаңғыртылуда. Мәселен, Ақмола гарнизоны бойынша ай сайынғы ағымдағы тұрғын үй төлемі шамамен 57 мың теңге. Яғни, мысалы, әскери қызметшінің отбасында 4 адам болса, шамамен 230 мың теңге төлем алады. Бұл жалақыға қосымша берілетін төлем. Бұл қаржы ипотеканы өтеуге, үй сатып алуға, бастапқы жарнаға немесе жеке тұрғын үй салуға бағытталуы мүмкін.

РКС: Осылайша, өңірде әскери қызметтің тартымдылығын арттыру бойынша шаралар іске асырылып жатыр. Армияның имиджі мен жас әскери қызметшілерді қолдау нығая түсуде.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.